Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 4 желтоқсан N 1235. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.12. N 1063 қаулысымен. ~P001063

      Қазақстан Республикасының халқын жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке басының куәліктерімен құжаттаумен толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан

Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 
5 сәуірдегі N 256  

P930256_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1993 ж., N 10, 124-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Паспорттардың ескі үлгісін Қазақстан Республикасы азаматтарының 
жаңа үлгідегі паспорттары мен жеке басының куәліктеріне айырбастау 1999 
жылдың 1 наурызына дейін аяқталсын".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады