"Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығын орындау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 желтоқсан N 1240. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 778 қаулысымен

      "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153  Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
      1. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жыл сайын республикалық бюджетті бекіткен кезде жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламада көзделген шараларды іске асыру үшін қаржы көздейтін болсын. 
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады