Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1248 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 тамыз N 1215

      "АКПО" акционерлiк қоғамының конкурстық iс жүргiзуін тиiмдi аяқтау мақсатында және оның мемлекеттің экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "АКПО" акционерлiк қоғамы (Ақтау қаласы) туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1248 P981248_ қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "әкiмшiлiк шығындар мен бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы мiндеттемелердiң төленбеген бөлiгiнің сомасына тең лот үшiн ең төменгi бағаны;
      заңнаманың талаптарын ескере отырып бiр ғана қатысушы жағдайында өткен лот бойынша сауда-саттықты тану мүмкiндiгiн";
      2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Конкурстық массаны сатып алушыларға:
      2000 жылғы 1 желтоқсанға полистирол өндiрiсiн жаңарту үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап объектi мен қызметшiлердi ұстау жөнiндегi барлық шығындарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сатып алу-сату шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасының Энергетика индустрия және сауда министрлiгiмен келiсілген кесте бойынша үшінші кезектегi кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сатып алушыда кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн жаңғырту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген инвестициялық бағдарламаның болуына қосымша талаптар көзделсін.";
      3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 

     "4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын

бақылауды қамтамасыз етсін."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады