"Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегі N 4075 U984075_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1284 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына тыңдаушылар қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі N 1371 P971371_ қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі
N 1371 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 29 сәуірдегі N 392а
қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік
қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына 1998
жылға тыңдаушылар қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 17 тамыздағы N 777
қаулысы. (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 242-құжат).
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.