Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы және ұқсатушы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1307

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


     1997 жылғы 8 сәуірде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасы

Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы және ұқсатушы

өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


               Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз

               Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы

                 және ұқсатушы өнеркәсіп саласындағы

                        ынтымақтастық туралы

                              Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 2-құжат)

    (1999 жылғы 20 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 83 бет)


     Бұдан былай "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі

мен Қырғыз Республикасы Үкіметі:

     - ауыл шаруашылығы саласын дамыту екі ел үшін де өзара тиімді

болатындығын ескере отырып,

     - екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты

нығайтуды тілей отырып,

     - жоғары өнімді ауыл шаруашылығын құруға жәрдемдесу ниетін негізге

ала отырып,

     - мұндай ынтымақтастық достық қатынастарды бұдан әрі кеңейтуге

мүмкіндік туғызатынын мойындай отырып,

     төмендегілерге келісті:


                          1-Бап


     Тараптар өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы

өнімдерін сақтау мен ұқсатуды қоса алғанда ауыл шаруашылығы саласындағы

ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін болады.

     Мұнда ынтымақтастықтың мынадай бағыттары мен салаларына:

     - ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын енгізуді өрістету;

     - шекаралар арасындағы су жинау орындарын қорғау және пайдалану

саласындағы;

     - ет, сүттік, мал шаруашылығы мен қой шаруашылығындағы гендік

қорларды алмасу;

     - мал дәрігерлігі саласындағы ынтымақтастық;

     - екі елдің бірінде семинарлар, конференциялар және кездесулер өткізу;


 
       - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, ұқсату, беру және маркетинг бойынша нарыққа бағытталған нысандар мен субаймақтық жобаларды дамыту жөніндегі үшжақты ынтымақтастық (үшінші елдермен - донорлармен немесе халықаралық қаржыландырушы ұйымдармен);
      - бірлескен кәсіпорындар құруды көтермелеу мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
 
                             2-Бап
 
      I-бапта көзделген ынтымақтастықты жүзеге асыру және қажетті байланыстарды қамтамасыз ету мақсатында әрбір Тараптың 4 өкілінен тұратын Бірлескен комиссия құрылатын болады.
      Комиссия дипломатиялық арналар арқылы алдын ала ескертілген мерзімдерде Алматы мен Бішкекте жылына бір рет алма-кезек жиналатын болады.
      Бірлескен комиссия жалпы қызмет бағыттарын, қол жеткен нәтижелер шолуын, ынтымақтастық қаржы аспектілерін қамтамасыз ету және оларды анықтау жөніндегі шаралар енетін таяудағы кезеңнің жұмыс жоспарын дайындайды. Ынтымақтастықтың өткен кезеңдер ішіндегі қол жеткен нәтижелері комиссияның әрбір мәжілісінде қаралып, кездесулер хаттамаларына жазылатын болады.
 
                           3-Бап
 
      Тараптар осы Келісімнің 1-бабында түсінік берілген ынтымақтастық бағыттары мен салаларын практикада жүзеге асыру үшін осы салалардағы мамандарды алмасатын болады. Мамандардың іссапарымен, сондай-ақ олардың ел ішінде жүруімен, тамақтануымен байланысты шығыстарды жіберуші тарап төлейді. Жіберуші тарап осы мамандар келгенге дейін бір ай ішінде олардың келетіндігі туралы қабылдаушы тарапты хабарландыруы тиіс.
 
                             4-Бап
 
      Тараптар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл және су шаруашылығы министрлігіне осы Келісімді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді тапсырады.
 
                              5-Бап
 
      Осы Келісім 5 жыл бойына өз күшін сақтайды және Тараптардың тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы жазбаша хабарландыруды алған сәтінен бастап күшіне енеді.
      Бұл Келісімнің ережелерін жүзеге асыру процесінде пайда болған даулы мәселелерді Тараптар келіссөздер жүргізу және консультациялар беру жолымен шешеді.
 
                               6-Бап
 
      Бұл Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Егер екі Тараптың бірі оны бұзу туралы осы мерзім бітуге кемінде алты ай қалғанша екінші Тарапты жазбаша түрде хабарландырмаса, онда осы Келісімнің мерзімі келесі бесжылдық мерзіміне өздігінен ұзартылады. Осы Келісімнің әрекетін тоқтатқан жағдайда бұрын оның шарттарына сәйкес басталған қызмет те аяқталуы тиіс.

 

     Бұл Келісім 1997 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында әрқайсысы қазақ,

қырғыз және орыс тілдерінде екі дана болып жасалған, сондай-ақ ондағы

барлық мәтіннің күші бірдей.

     Осы Келісім мәтінін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар пайда болса,

Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.


     Қазақстан Республикасы        Қырғыз Республикасы

         Үкіметі үшін                Үкіметі үшін


     Оқығандар:    

       Қобдалиева Н.

       Икебаева А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады