Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 22 желтоқсан N 1313. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N 734 қаулысымен. ~P990734


      Еңбек жарақатының немесе кәсіби ауруының салдарынан Қазақстан Республикасында 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын азаматтар тұрақты тұруға қоныс аударатын әлемнің кейбір елдерінде Қазақстан Республикасының дипломаттық және консулдық өкілдіктері болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.15. N 245
               қаулысымен. P990245_
      2. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Қаржы министрлігімен, Ұлттық Банкпен және Сыртқы  істер 
министрлігімен келісім бойынша 1999 жылдың бірінші тоқсанында Шетелге 1998 
жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек жарақатының немесе кәсіби 
ауруының салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тәртібінің жаңа 
жобасын әзірлесін және ұсынсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     Оқығандар:     
  Орынбекова Д.К.
  Кобдалиева Н.М.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады