Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекет активтерін тиімді басқару мен оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған шаралар туралы" 1998 жылғы 19 маусымдағы N 575 P980575_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 166-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Мемлекет активтерін тиімді басқару мен
оларға билік жасауды қамтамасыз ету жөніндегі 1998-1999 жылдарға арналған
шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1.2-жолдың бірінші абзацындағы "Орындалу мерзімі" деген
бағандағы "тамыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2.6-жолдың бірінші абзацындағы "Орындалу мерзімі" деген
бағандағы "тамыз" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі