Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. "Астана қаласында тұрғын үйлер мен әкімшілік үйлерді сатып алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 қарашадағы N 1186 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "сатып алу үшін" деген сөздер
"заңдарда белгіленген тәртіппен бір көзден сатып алуға үлестік қатысу
үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар
үлестік қатысу қаражатының есебінен алған тұрғын үйлер мен әкімшілік
үйлерді "Жаңа астана" бюджеттен тыс қорының балансына тегін беретін
болсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі