Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсан N 1354 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2091 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.11 N 2091 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы мәселелерін шешудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелердің орындалуын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесі туралы" 1996 жылғы 12 ақпандағы N 189 P960189_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулының 1-қосымшасында:
      2-тармақшаның екінші абзацында:
      "Экономика министрлігінің" және "Үкімет Аппаратының" деген сөздер тиісінше "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің" және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың екінші абзацы "Әділет министрлігінің" деген сөздерден кейін "Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осыған байланысты аталған ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне мынадай құжаттарды тапсырады:
      а) Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактіге, Келісімге, Шартқа қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруі туралы Сарапшылық кеңес төрағасының атына ұйымның бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат;
      б) Конвенцияның, Пактінің, Келісімнің, Шарттың, Жарғының - ұйымның бірінші басшысы визасын қойған, мемлекеттік, орыс тілдеріндегі, сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі мәтіні;
      в) қосылудың, енудің және мүшеліктің қаржылық шарттары туралы ақпараты бар, Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактіге, Келісімге, Шартқа қосылуының, халықаралық ұйымдарға кіруінің орындылығының негіздемесі бар түсіндірме жазба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуы мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін мониторингін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуі мақсатында жыл сайын ақпараттық және басқа да материалдар"; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Сарапшылық кеңестің мәжілістері жұмыс жоспарына сәйкес үш айда бір рет өткізіледі. Сарапшылық кеңесі мәжілістерінің аралығында төраға Сарапшылық кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының көпжақты Конвенцияларға, Пактіге, Келісімдерге, Шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруі туралы мәселені қажет болған жағдайларда жеке шешеді". 2) аталған қаулының 2- қосымшасында: Сарапшылық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін: Дәнияр Рүстемұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы Әбілғазин вице-министрі, төрағаның орынбасары Зүлфия Алтайқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы Аманжолова істер министрлігінің Шарт-құқық басқармасының бастығы Асхат Қайзоллаұлы - Қазақстан Республикасының Әділет Дауылбаев вице-министрі, төрағаның орынбасары Мәдина Бенешқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы Жарбосынова істер вице-министрі Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика, Досаев индустрия және сауда вице-министрі, Нұрлан Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасының Сәрсенбай Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Мұрат Әбутәліпұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы Смағұлов істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы, хатшысы "Л.Н. Жақсыбекова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы, еңбек және ақша айналымы бөлімінің сыртқы қарыз, сыртқы заем және халықаралық қаржылық ұйымдармен байланыс секторының меңгерушісі Р.М. Қалиева - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімінің консультанты" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Лейла Нариманқызы - Қазақстан Республикасы Премьер- Жақсыбекова Министрі Кеңесінің Қаржы- экономикалық сараптама бөлімі бюджет секторының меңгерушісі Райхан Мұқанқызы - Қазақстан Республикасы Премьер- Қалиева Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық байланыстар және протокол бөлімінің консультанты"; Жомарт Жангелдіұлы Мұқашев, Владимир Иванович Алесин, Мұрат Ермаханұлы Аманбаев, Мұрат Марданұлы Атанов, Жанат Жұрғалиқызы Ертілесова, Марат Нұрбекұлы Нұрбеков, Қайрат Сақтаған Бәйішев аталған құрамнан шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Нарбаев Е.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады