Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 қаңтар N 20

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 5 қыркүйектегі N 847 P980847_ және "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бас есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
      2. Мына мекемелер:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметтік үй-жайларды пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқармасы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен;
      2)
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан 2)тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің
               1999.08.27. N 1264 қаулысымен. P991264_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ құрылып отырған кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264
               қаулысымен. P991264_
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзім ішінде жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік мүлікті енгізе отырып, осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, заңдардың талаптарын ескере отырып, жарғыларын бекітсін және оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Қаржы-қаражат" республикалық баспасын мүліктік кешен ретінде заңдарда белгіленген тәртіппен жекешелендіруді жүзеге асырсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады