Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 қаңтар N 55

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


     1. 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы әскери саладағы

ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


        Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі

          арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы

                              Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 11-құжат)

    (1999 жылғы 10 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)


     Бұдан әрі қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Грузия Үкіметі,


 
       Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинкі Қорытынды Актісінің және Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымдарының басқа да құжаттарының мақсаттары мен принциптеріне өздерінің адалдығын қуаттай отырып,
      1992 жылғы 15 мамырдағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ережелерін, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі басқа да уағдаластықтарды басшылыққа ала отырып,
      жан-жақты дамып келе жатқан ынтымақтастықты және екі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру қажеттігін, өздерінің қарулы күштерінің дамуына байланысты мәселелерді өзара тиімді негізде шешуге деген ұмтылыстарын ескере отырып,

 

     ынтымақтастықты теңдік, бір-бірінің егемендігі мен аумақтық

тұтастығын

өзара сыйлау принциптері негізінде дамытуға өзара ниеттерін қуаттай отырып,

     төмендегілер жөнінде келісті:


                              1-Бап


     Тараптар әскери ынтымақтастықты Қазақстан Республикасы мен Грузия

заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

     Әрбір Тарап әскери ынтымақтастық саласында келісімдерді

(контрактілерді) жасау үшін қажетті құқықтық жағдайларды жасауды

қамтамасыз

етеді.


                              2-Бап


     Тараптар мына салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:

     - қарулы күштерді құру және оларға бейбіт уақытта басшылық жасау;

     - әскери техника мен қару-жарақты жөндеу мен пайдалану;

     - әскерлерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

     - қарулы күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілік қазіргі

түрлерімен, жинақтаушы бұйымдармен жабдықтау және оларды шығару үшін

бірлескен кәсіпорындарды (өндірістерді) құру;

     - әскери өндірісті кооперациялау;

     - қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау;

     - Тараптардың жөндеу кәсіпорындарын бірлесіп пайдалану;

     - әскери білім беру, әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау;

     - әскери топография және геодезия;

     - қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдырушылық әзірлігін қолдау

жөніндегі принциптер мен шараларды әзірлеу;

     - әскери-ғылыми зерттеулер, ғылыми зерттеулер мен

тәжірибе-конструкторлық жұмыстар;

     - әскери-техникалық және әскери-құқықтық ақпарат;

     - қоршаған ортаны қорғау;

     - мәдени шаралар және әскери қызметшілердің демалысын ұйымдастыру;

     Тараптардың келісімі бойынша басқа да салалар.


                               3-Бап


     Ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

     - қорғаныс министрлері немесе олар өкілеттік берген басқа өкілдер

дәрежесіндегі ресми сапарлар мен кездесулер;

     - консультациялар, тәжірибе және ақпарат алмасу;

     - жұмыс топтарының келіссөздері;

     - әскери мамандарды оларды курстарда және тағлымдамаларда оқыту

жолымен

даярлау;

     - оқу-жаттығуларына, техника мен қару-жарақты көрсетуге өзара шақыру;

     - Тараптардың қорғаныс министрліктері ұйымдастыратын салтанатты,

мәдени және басқа да шараларға қатысу;

     - әскери мамандарды консультанттар ретінде шақыру;

     - өзара келісім бойынша ынтымақтастықтың басқа да салалары.


                               4-Бап


     Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа қарсы бағытталған әскери

сипаттағы одақтарға немесе келісімдерге қатыспауға, сондай-ақ екінші

Тарапқа қарсы жасалған қастық әрекеттер үшін өз аумақтарын пайдалануға жол

бермеуге міндеттенеді.


                               5-Бап



 
       Тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Грузия Қарулы Күштерінің қажеттерін ескере отырып, жекелеген келісімдер (контрактілер) негізінде әскери кадрларды өзара даярлауды жүзеге асыруға келісті.
 
                                6-Бап
 
      Тараптар екі жақты байланыс және келіссөздер барысында алынған ақпараттар мен мәліметтерді, оның ішінде жасырын сипаттағы, қорғауға кепілдік береді және оларды Тараптар мүддесіне нұқсан келтіретіндей мақсатта пайдаланбауға міндеттенеді.

 

     Екі жақты байланыс және келіссөздер барысында алынған ауызша және

жазбаша нысандағы ақпараттар мен мәліметтер Тараптардың қолданылып жүрген

заңдарына сәйкес сақталады әрі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға

жатпайды.


                      7-Бап


     Тараптар әскери саладағы екі жақты ынтымақтастық барысында өздері

алған қару-жарақты, ұрыс техникасы мен басқа да материалдық құралдарды

Қазақстан Республикасы мен Грузия аумағындағы ішкі мемлекеттік жанжалдарда

қолданбауға, сондай-ақ үшінші тараптарға немесе жеке адамдарға бермеуге

міндеттеме алады.


                       8-Бап


     Осы Келісім нормаларын түсіндіру мен қолдануға қатысты даулар

туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар жолымен

шешеді.

     Осы Келісімге Тараптардың бірінің бастамасы бойынша және өзара

келісім

негізінде осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіпке сәйкес олар күшіне

енгеннен кейін оның ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамалармен

ресімделген толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.


                            9-Бап



 
       Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданыста болады және оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды Тараптардың әрқайсысының орындағаны жайлы соңғы мәлімдеме түскен күннен бастап күшіне енеді.
 
                            10-Бап
 
      Осы Келісім бес жылдық мерзімге жасалды және егер Тараптардың

 

ешқайсысы кезекті бесжылдық мерзімнің аяқталуына алты ай қалғанға дейін

оның қолданысын тоқтататын ниеті туралы жазбаша мәлімдемесе оның қолданысы

келесі бес жылдық кезеңге өзінен-өзі ұзартылады.


     Алматы қаласында 1997 жылғы 11 қарашада екі түпнұсқа данада,

әрқайсысы

қазақ, грузин  және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ мәтіннің де күші

бірдей.

     Осы Келісім ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін

қолданылатын болады.


     Қазақстан Республикасының                  Грузия Үкіметі

        Үкіметі үшін                                үшін


     Оқығандар:

       Қобдалиева Н.

       Икебаева А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады