Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 ақпандағы N 83 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлардың импорты кезінде уақытша шектеулер енгізу туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  P981376_  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1999 жылдың 11 қаңтарынан 23 маусымына дейін Қазақстан Республикасының аумағына, қосымшаға сәйкес, шыққан елі Ресей Федерациясы болып табылатын тауарларды, сондай-ақ: 
      Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін тауарлардың алушысы Қазақстан Республикасы немесе үшінші елдер болып табылатын; 
      Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының жүктері әскери көліктің нөмірлерімен теміржол көлігімен жеткізілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік ресімдеу Ресей Федерациясының аумағында жүргізілген үшінші елдердің тауарларын әкелуге тыйым салынсын; 
      2) 3-тармақтағы "сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Үкіметін" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3) көрсетілген қаулыға қосымшада: 
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде оларға қатысты уақытша тыйым салу қолданылатын тауарлардың тізбесі";
      "СЭҚ ТН коды Тауарлардың қысқаша атауы" деген бағандарда:
      "040700" деген жолдағы "немесе пісірілген" деген сөздер "(Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік асыл тұқымды мал өсіруді қадағалауының рұқсаты болған кезде инкубаторға арналған құстардың жұмыртқаларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1001 жолдағы "Бидай мен меслин" деген сөздерден кейін "(өндіру немесе селекциялық жұмыстар үшін әкелінетін Ресей селекциясының бидайы сорттарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

     "1902                  Спагетти, макарондар, кеспе сияқты
                            жылумен өңдеуге жатқызылған немесе
                            жатқызылмаған, ашымаған қамырдан
                            жасалған бұйымдар"

     деген жолдан кейін:

     "210210                Жылдам ашытқылар"
     деген жолмен толықтырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады