Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының "Әскери мақсаттағы арнаулы жүктер мен
өнімдерді тасымалдау туралы келісімді бекіту туралы" Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Әскери мақсаттағы арнаулы жүктер мен өнімдерді
тасымалдау туралы келісімді бекіту туралы
1. 1995 жылғы 26 мамырда Минск қаласында жасалған Әскери мақсаттағы
арнаулы жүктер мен өнімдерді тасымалдау туралы келісім бекітілсін.
2. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Арнайы жүктер мен әскерм мақсаттағы
өнімдерді тасымалдау туралы
Келісім
Ресми түрде бекітілген мәтін
Баспасөзде басылуға жатпайды
Арнайы жүктердi және әскери мақсаттағы өнiмдердi
тасымалдау туралы
Келісім
Осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер, бұдан былай Тараптар,
өздерiнiң арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуда кәсiпорындардың (ұйымдардың) өндiрiстiк және ғылыми-техникалық бiрiгуiн сақтау мен жетiлдiру қажеттігiн мойындай отырып,
өздерiнiң арасында арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды экспорт-импортқа жеткiзiп тұру кезiнде оларды өткiн тасымалдау қажеттiгiн назарға ала отырып,
арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк талаптарын орындауды қамтамасыз ету және дене күшiмен қорғау маңыздылығын ескере отырып,
жалпыға танымал халықаралық құқық нормаларын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шегiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ екi (көп) жақты келiсiмдердi басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1 - бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн төмендегi терминдер мынадай ұғымды бiлдiредi:
арнайы жүктер - қорғаныс және мемлекеттiк мәнi бар аса маңызды, өте құпия және құпия бұйымдар мен олардың құрамдас бөлiктерi; аса маңызды, өте құпия және құпия заттар мен материалдар, авария бола қалған жағдайда халық пен қоршаған ортаға жоғары қауiптiлiк тудыратын барлық ядролық заттар мен материалдарды қоса; аса көп мөлшердегi құндылықтар; Тараптар арнайы жүктердiң осы санатына жатады деп белгілеген басқа да жүктер;
әскери мақсаттағы өнiмдер - арнайы мүлiктер (БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңесiнiң және Атомдық энергия, қару-жарақ әскери техника мен мүлiк жөнiндегi Халықаралық агенттігiнiң қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi Ұсынымдарында көрсетiлген қауiптi жүктер, оған қоса берiлетiн жинақтаушы бұйымдар, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi қоса,) және Тараптар қорғаныс министрлiктерiнiң, iшкi iстерiнiң, шекара қызметтерiнiң, қауiпсiздiк органдары мен өзге де мемлекеттiк әскерилендiрiлген құрылымдарының әскери бөлiмдерi мен мекемелерi жiберушiлерi немесе алушылары табылатын әскери жүктер;
арнайы жүктердi және әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау - екi немесе одан да көп мемлекеттер аумағы бойынша арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау және олардың аумағы бойынша өткiн алып жүру;
қарауыл - арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдердi күзету мен қорғау жөнiндегi міндеттерді орындаушы мемлекеттiк органдардың қаруланған бөлiмшесi;
маман - жүктi жөнелтушi (жүктi алушы) тағайындаған, алып жүретiн арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердiң қасиетiн бiлетiн және жол жүру барысында авария бола қалған жағдайда iс-қимылдарға дайын лауазымды адам.
2 - бап
Тараптар арнайы жүктердi және әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау өзара келiсiлген тәртiбiн қабылдауға дейiнгi кезеңге Төуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде қол қойылған екi және көп жақты негiздегi келiсiмдер мен нормативтiк құжаттарды, оның iшiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесiнiң Шешiмiмен бекiтiлген (1992 ж. 4 қараша) Әскери мемлекетаралық темiржол тасымалдарын жоспарлау жөнiндегi Уақытша нұсқаулықты және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әскери мемлекетаралық темiржол тасымалдарын ұйымдастыру жөнiндегi Уақытша ереженi басшылыққа алады, сондай-ақ бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында қолданыста болған осындай жүктердi жоспарлау, орындау және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету тәртiбiн, егер бұл тәртiп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде қол қойылған нормативтiк құжаттарға қайшы келмесе, сақтайды.
3-бап
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау Тараптардың тиiстi құзыреттi органдарының тасымалды жоспарлау кезiнде оларды алдын-ала келiсуiнен кейiн жүзеге асырылады.
4- бап
Тараптар арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдауды бiрiнше кезекте, оның құпиялылығын қамтамасыз ете отырып және ақпараттың жария болуын жоққа шығаратын тиiстi шараларды қабылдай отырып жүзеге асырады.
Олардың орындалуына барлық көлiк түрлерiнде осы тасымалдарды басқару органдары тарапынан үнемi жедел бақылау жүргiзiлетiн болады.
5 - бап
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi барлық көлiк түрлерiнде тасымалдау өзара келiсілген ережелерде көзделген жағдайларда, тасымалдау барлық маршрутында (жол барысында) жүктi жөнелтушiнiң (жүктi қабылдап алушының) мамандары бiрге алып жүредi.
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүрушi мамандар осы жүктермен болуы мүмкiн авариялық жағдайлардағы iс-қимылға даяр болуы және оларды жүктi жөнелтушi жеке басын қорғауға қажеттi аспаптармен, құрал-жабдықтармен, материалдармен және басқа да құралдармен жабдықтауы қажет.
Жеке басын қорғау құралдарымен, сондай-ақ осы жүктердi күзетудi жүзеге асыратын қарауылдың жеке құрамы қамтамасыз етiледi.
6 - бап
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi барлық жол бағытында қаруланған қарауыл күзетi жүзеге асырады, ал жекелеген жағдайларда әскери мақсаттағы өнімдер жiберушi, тасымалдаушы мемлекеттердiң өзара келiсiмi бойынша қарауылсыз тасымалдануы мүмкiн.
Қарауылды бөлу және оны материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету осы арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдер тасымалдау қай Тараптың мүддесi үшiн жүргiзiлетiн болса сол Тараптың келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
Уақытша, шекараны өтудiң келiсiлген орындарын техникалық, технологиялық, материалдық және тұрмыстық жағынан жабдықтауға дейiн, арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi күзетудi тасымалдаудың бастапқы орнынан соңғы орнына дейiн бiр қарауыл жүзеге асырады. Радиоактивтi материалдары күзетудiң өзге тәртiбi тиiстi Тараптар арасындағы екi жақты (көп жақты) келiсiмдер негiзiнде белгiленуi мүмкiн.
Жүктi жiберушi, тасымалдаушы және бағытталған орнына жеткiзушi мемлекет арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүретiн мамандарға және қарауыл жеке құрамына олардың алдына қойылған мiндеттердi орындауын қамтамасыз ететiн шараларды қабылдайды, қажет болғанда оларға байланыс құралдарын берудi және материалдық, тұрмыстық қамтамасыз етудi, медициналық және басқа да қызмет түрлерiн сондай-ақ қарауыл мен олардың қаруын тұрақты орналасқан орнына бiрiншi кезекте жiберудi жүзуге асырады.
Жүктердi алып жүретiн мамандар мен қарауылды қамтамасыз етуге байланысты шығыстардың орнын оларды жiберген Тарап толтырады.
7 - бап
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүретiн қарауыл жеке құрамы мен мамандар өз елiнiң және келген мемлекеттiң құқықтық қорғауында болады, өздерiн жiберген мемлекеттiң нормативтiк актiлерiне сәйкес өз қызметтерiн орындайды.
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүретiн қарауыл жеке құрамы мен мамандар жасаған қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық женiндегi iстер бойынша құқық бұзушылық жасалған орындағы мемлекеттiң заңы қолданылады.
Қызмет мiндеттерiн орындауға байланысты құқық бұзушылық жөнiндегi iстер бойынша, сондай-ақ әскери қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша материалдар құқық бұзушылық жасалған орындағы мемлекетгiң құқық қорғау органдарының шешiмi бойынша қарауылды немесе әскери мақсаттағы өнiмдi жiберген мемлекеттiң құқық қорғау органдарына берiлуi мүмкiн.
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүретiн қарауыл жеке құрамы мен мамандарға өздерi келген мемлекеттің құзыреттi органдарымен келiсiлген жағдайлардан басқа, өздерi орналасқан вагоннан, купеден, каютадан және салоннан кетуге және келген мемлекет аумағында өз қызметін орындауға байланысты жағдайлардан басқа кiдiруге рұқсат етiлмейдi.
Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi алып жүретiн қарауыл жеке құрамы мен мамандар өздерi келген мемлекеттiң егемендiгiн құрметтеуге, заңын сақтауға, оның iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
8 - бап
Шекараны кесiп өткен кездегi шекаралық, кедендiк және өзге де мемлекеттiк бақылау түрлерiн, сондай-ақ арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердiң, оларды алып жүретiн қарауылдар мен мамандардың рұхсатнамасын ресiмдеудi, егер осы Келiсiмге қатысушы шектес мемлекеттердiң жекелеген екi жақты немесе көп жақты келiсiмдерiнде өзгеше көрсетiлмесе, Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес басымдылық тәртiппен Тараптардың шекара, кеден және өзге де мемлекеттiк органдары жүргiзедi.
Тараптардың құзыретті органдары арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi өз аумақтары арқылы өткiзу тәртiбi туралы бiр-бiрiн дер кезiнде хабардар етедi.
9 - бап
Төтенше оқиғалар туындаған, оның iшiнде арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау кезiнде авария болған жағдайда, Тараптар 1993 жылғы 22 қаңтардағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру және олардың зардаптарын жою саласындағы өзара iс-әрекет туралы Келiсiмге және/немесе төтенше жағдайлардан сақтандыру және оларды жою саласындағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы басқа да екi жақты (көп жақты) келiсiмдерге сәйкес апат зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн зардап шеккен Тарапқа қажет болған жағдайда тиiстi ақпарат, күштер мен құралдарды тез арада бере отырып, олардың зардаптарын дер кезінде жою және оқиға себептерін тексеру үшін тиісті шалалар қолданады.
Тараптар төтенше жағдайлардан, оның ішінде авариядан зардап шеккен тарапқа аумағында апат болған мемлекет заңдарына сәйкес залалды өтеуге кепіл береді.
10-бап
Арнайы жүткер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезінде туындауы мүмкін барлық даулы мәселелер Тараптардың құзыретті органдарының тиісті деңгейде келіссөздер және консультациялар жүргізу жолымен, егер Тараптардың екі жақты немесе көп жақты келісімдерінде басқа жағдай
көзделмесе, шешуге жатады.
Тараптар арасында қажет болған жағдайда, осы Келісімді орындау
мәселелері жөнінде консультациялар жүргізіледі.
11-бап
Осы Келісім бойынша барлық міндеттерді толық көлемде орындауға дайын
мүдделі мемлекеттерді кірістіру үшін осы Келісім жасалды.
12-бап
Осы Келісімді орындау кезінде жұмыс тілі болып орыс тілі табылады.
13-бап
Осы Келісім қол қойылған күннен бастап уақытша пайдаланылады және оған қол қойған Тараптар оның күшіне енуіне қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағандығы жөнінде үшінші мәлімдеменің депозитарийін сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариаты осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.
Келісім күшіне енген Тараптар, осы Келісімге қол қойылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін Келісім уақытша қолданылатын Тараптардың Келісімге қатысуы жөнінде шешім қабылдай алады.
Келісім 5 жыл мерзімге жасалған және егер Тараптар өзге шешім
қабылдамасы, оның қолданысы келесі бес жылдық мерзімге өзінен-өзі
ұзартылады.
Әрбір Тарап өзінің Келісімге қатысуын тоқтатуына болады, тек бұл
жөнінде 12 ай бұрын депозитарийді жазбаша түрде хабардар етуі керек.
Минск қаласында 1995 жылғы 26 мамырда орыс тілінде бір түпнұсқа
данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке
оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталуда.
Әзірбайжан Республикасы үшін Молдава Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия Республикасы үшін Түркменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Минск - 26.05.95
1995 жылғы 26 мамырдағы
Арнайы жүктер мен әскери
мақсаттағы өнімдерді тасы-
малдау жөніндегі Келісімге
Қосымша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау
жөніндегі құзыретті органдарының
Тізбесі
Әзірбайжан Республикасы
1. Қорғаныс министрлігі, 370073, Баку қ. Азизбеков даңғылы, 3,
тел. 92-92-50, 38-93-33.**
2. Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, 370602, Баку қ. Азизбеков даңғылы,
2, тел. 93-18-00.*
3. Мемлекеттік Арнайы машина жасау және конверсиялау комитеті,
370141, Баку қ., Ф.Агаев көшесі, 37, тел. 39-40-30, 39-23-07.*
4. Әзірбайжан Темір жол басқармасы, 370010, Баку қ., Д.Алиев көшесі,
230, тел. 98-44-67.*
5. Каспий теңіз кеме қатынасы басқармасы, 370005, Баку қ., М.Расул-
заде, 5, тел. 93-20-58.***
6. "Әзірбайжан Хава Йоллары" Мемлекеттік концерні, 370010, Баку қ.,
Азадлы даңғылы, 11, тел. 93-44-34.***
7. "Азеравтонеглият" Мемлекеттік концерні, 370122, Баку қ.,
Тбилисский даңғылы, 1054 квартал, тел. 38-50-00, 31-91-11.***
Армения Республикасы
1. Армения Республикасының Үкіметі жанындағы "Армгосатомнадзор" басқармасы. 375010, Ереван қ., тигран Меци көшесі, 4, тел. 56-21-34.*
2. Армения Республикасының Жылу және энергетика министрлігі, 375010, Ереван қ. Республика алаңы, Үкімет үйі, 2, тел. 52-63-65, факс 52-63-65.
3. Армения Республикасының Қорғаныс министрлігі, 375088, Ереван қ., Чауша көшесі, 60, тел. 55-60-70.**
4. Армения Республикасының Өнеркәсіп министрлігі, 375010, Ереван қ., 375010, Республика алаңы, Үкімет үйі, тел. 52-18-77.**
5. Армения Республикасының Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация Бас
басқармасы, 375042, Ереван қ., "Звартноц" әуе-жайы, тел. 28-00-30,
77-20-30.***
6. Армения Республикасының Көлік және жол қатынасы министрлігі,
375015,Ереван қ., Закян көшесі, 10, тел. 56-33-91, факс 56-05-28.
7. Армения Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік басқармасының
мемлекеттік шекара күзеті Бас басқармасы, Ереван қ., Шаумян қиылысы, 50/50
ә/б, тел. 52-75-92.***
9. Армения Республикасының Экономика министрлігі, 375010, Ереван қ.,
Республика алаңы, Үкімет үйі, тел. 52-34-72.***
Беларусь Республикасы
1. Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі,
220030, Минск қ., Ленин көшесі, 17, тел. 68-74-07, факс 27-19-81. ***
2. Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігі, 220003, Минск қ.,
Коммунистический көшесі, 1, тел. 39-21-06, 39-25-58, факс 76-89-74.**
3. Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар және Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарынан тұрғындарды қорғау жөніндегі министрлігі, 220030, Минск қ., Ленин көшесі, 14, тел. 76-85-96, факс 29-34-39.**
4. Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі, 220615, Минск қ., Гордской вал көшесі, 4, тел. 29-78-08, факс 23-99-18.***
5. Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі, 220033, Минск қ., Партизан даңғылы, 2, 4 корп., 4, тел. 76-89-4-25, факс 24-87-84.***
6. Беларусь Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, 220023, Минск қ., Ф. Скорины даңғылы, 17, тел. 29-94-01, факс 26-00-38.***
7. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, 220029, Минск қ., Коммунистический көшесі, 11, тел. 34-03-73, факс 34-68-93.**
8. Беларусь Республикасының Шекара әскерлері Бас басқармасы, 220050, Минск қ., Володарский көшесі, 24, тел. 29-98-13, 27-42-93, факс 27-70-73.***
Қазақстан Республикасы
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 480035, Алматы қ., Жандосов көшесі, 53, тел. 21-47-35.**
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабының Әскери қатынастар қызметі, 480035, Алматы қ., Жандосов көшесі, 53, тел. 53-09-33.**
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, 480091, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 95, тел. 62-84-57.***
4. Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлер Қолбасшысының бас басқармасы, 480045, Алматы қ., Амангелді көшесі, 15, тел. 69-86-01.***
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 480091, Алматы қ., Наурызбай батыр көшесі, 108, тел. 69-35-28.***
6. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі Агенттігі,
480091, Алматы қ., Республика алаңы, 13, тел. 63-48-85.*
7. Қазақстан Республикасының Кеден комитеті, 480012, Алматы қ.,
Сейфуллин пр. 555, тел. 63-02-94.***
8. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық
аэроғарыш агенттігі, 480004, Алматы қ., Фурманов көшесі, 50, тел.
33-05-53.***
9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі,
480003, Алматы қ., Гоголь көшесі, 111, тел. 62-06-03.***
10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы қорғаныс
өнеркәсібі комитеті, 480016, Алматы қ., Пушкин көшесі, 2 тел. 32-33-16.**
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, 480004,
Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, тел. 33-46-11.*
12. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі,
480091, Алматы қ., Панфилов көшесі, 106, тел. 63-12-73.*
13. Алматы темір жолы, 480091, Алматы қ., Фурманов көшесі, 127,
тел. 60-44-00.***
14. Батыс Қазақстан темір жолы, 463001, Ақтөбе қ., Привокзальная
алаңы, 22, 26-44-06.***
15. Тың темір жолы, 473000, Ақмола қ., Ленин көшесі, 49 тел.
2-41-13.***
16. "Қазақстан Әуе жолы" Ұлттық акционерлік авикомпаниясы, 480004,
Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 59, тел. 33-63-49.***
Қырғыз Республикасы
1. Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі, 720001, Бішкек,
Логвиненко көшесі, 26, тел. 26-89-81, факс 22-86-48.**
2. Қырғыз Темір жол басқармасы, 720009, Бішкек қ., Л. Толстой көшесі,
83, тел. 24-52-60, факс 24-56-11.***
3. Қырғыз Республикасының Көлік министрлігі, 720079, Бішкек қ.,
Н.Исанов көшесі, 42 тел. 21-36-78, факс 21-36-66.***
Молдова Республикасы
1. Арнайы мақсаттағы өнімдерді импорттау мен экспорттауды реттестіру жөніндегі мемлекеттік комиссия, 277033, Кишинев қ., Марий, Адунэрь Национале алаңы, 1, Молдова Республикасының Үкіметі, тел. 23-42-65, факс 24-26-96.*
2. Молдова Республикасының Қорғаныс министрлігі, 277048, Кишинев қ., Хынчешть шоссесі, 84, тел. 22-51-61, 53-18-88.**
3. Көлік және жол шаруашылық министрлігі, 277004, Кишинев қ., Букурией көшесі, 12а, тел. 62-07-50, факс 62-48-75.*
Ресей Федерациясы
1. Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі министрлігі, 101000, Мәскеу қ., Б.Ордынка көшесі, 24/26, тел. 411888 МЕЗОН, факс 233-46-79.*
2. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі, 103160, Мәскеу қ., Знаменка көшесі, 19, тел. 293-89-79, факс 293-66-47.*
3. Ресей Федерациясының өнеркәсіптік қорғаныс салалары жөніндегі Мемлекеттік комитеті, 125889, Мәскеу қ., ГСП, Миусская алаңы, 3, факс 250-07-58.**
4. "Росвооружение" қару-жарағы мен әскери техникасын экспорттау және импорттау жөніндегі мемлекеттік компания, 119865, Мәскеу қ., Гоголевский бульварі, 21, телекс 411954, факс 230-23-91.**
5. Ресей Федерациясының жол қатынастары министрлігі, 107174, Мәскеу қ., Ново-басманная көшесі, 2, факс 262-90-95.***
6. Ресей Федерациясының Көлік министрлігі, 101436, Мәскеу қ., Садово-
Самотечная көшесі, 10, факс 200-14-79, телетайп 111779.***
7. Ресей Федерациясының федеральды шекара қызметі, 101000, Мәскеу қ.,
Лубянка көшесі, 1 факс 224-81-95.***
Тәжікстан Республикасы
1. Қорғаныс министрлігі, 734002, Душанбе қ., Бахтар көшесі, 59,
тел. 24-33-33.**
2. Қауіпсіздік министрлігі, 734005, Душанбе қ., Дзержинский көшесі,
8, тел. 24-23-12.***
3. Ішкі істер министрлігі, 734025, Душанбе қ., Дзержинский көшесі, 29,
22-83-44.***
4. Тәжік темір жолы, 746104, Душанбе қ., тел. 27-37-90, 27-73-06.***
Түркменстан
1. Қорғаныс минстрлігі, 744000, Ашгабат қ., Нұрберді Помма көшесі,
15, тел. 29-37-39, 24-49-79, факс 29-77-45.**
Мемлекеттік темір жолы, 744007, Ашгабат қ., Сапармұрат Түрікменбашы
шаелы, 7, тел. 29-25-61, факс 47-39-58.***
Ұлттық азаматтық авиация басқармасы, 744008, Ашгабат қ., Әуе-жайы,
тел.29-08-37, 25-57-02, факс 25-44-02.***
Ішкі істер министрлігі, 744000, Ашгабат қ., Магтымгулы даңғылы, 85,
тел. 35-59-23, 29-19-44, факс 35-59-23.***
Автомобиль көлігі министрлігі, 744000, Ашгабат қ., Котовский көшесі,
2,тел. 47-03-91, факс 47-40-31.***
Түркмен теңіз кеме қатынасы, 745000, Түркменбашы қ., Шагадам көшесі,
8,тел. 76-785, -7-734.***
Өзбекстан Республикасы
1. Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 700000, Ташкент
қ., Академик х.Абдуллаев көшесі, 100.**
2. Орта Азия темір жол басқармасы, 700060, Ташкент қ., Т.Шевченко
көшесі, 7, телекс 116418, факс 324407.***
3. Өзбекстан Республикасының Өнеркәсіп және тауды қадағалау жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне бақылау жасау жөніндегі Мемлекеттік комитеті, 700011, Ташкент қ., квартал д-14, 27 үй, тел. 44212.*
Украина
1. Украина ядролық және радиациалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті, 254053, Киев-53 қ., Обсерваторная көшесі, 11/1, тел. 212-10-94.*
2. Украина темір жолы мемлекеттік әкімшілігі, 252601, Киев-601 қ., Лысенко көшесі, 6, тел. 223-57-32.***
3. Украина Министрлер Кабинеті жанындағы сараптау-техникалық комитеті, 251008, Киев-8 қ., Грушевский көшесі, 12/2, тел. 293-69-51, факс 293-92-82.**
4. Украина Ішкі істер министрлігі, 252024, Киев-24 қ., Богомолец көшесі, 10, тел. 226-32-82.*
5. Украина Қорғаныс министрлігі, 252168, Киев-168 қ., Воздухофлотский даңғылы, 6, тел. 274-70-10.**
6. Украина машина жасау, әскери-өнеркәсіп кешені және конверсиялау
министрлігі, 252034, Киев қ., Пушкинская көшесі, 6, тел. 226-31-87.**
7. Украина мемлекеттік авиация департаменті, 252135, Киев-135 қ.,
Победа даңғылы, 14, тел. 226-31-63, факс 216-82-35.***
8. Украина Көлік министрлігі, 252150, Киев-150 қ., Горький көшесі,
51, тел. 233-44-15, факс 226-31-45.***
9. Украина Мемлекеттік кеден комитеті, 252055, Киев-55 қ.,
Политехнический қиылысы, 4-а, тел. 446-92-41.***
10. Украина Мемлекеттік шекара күзеті мәселелері жөніндегі
мемлекеттік комитеті, 252003, Киев-3 қ., Владимирская көшесі, 26, тел.
212-88-05.***
* Арнайы жүктерді тасу жөніндегі, оның ішінде ядролық материалдарды,
радиоактивті заттарды және солардан жасалған өнімдерді тасымалдау кезінде
ядролық және радиоциалық қауіпсіздік мәселелері бойынша.
** Әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау бойынша.
*** Арнайы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау
мәселелері бойынша.
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Қобдалиева Н.