"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының Z960009_ 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша:
1) 1998 жылғы 5 қарашадағы N I4/99-НВ келiсiм-шартқа сәйкес Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Науаи тау-кен-металлургия комбинаты үшiн (Науаи қаласы) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) беретін разрядты жүктердi 1-қосымшаға сәйкес көлемде;
2) 1992 жылғы 10 сәуiрдегi уран концентратын сатып алу-сату шарты бойынша "Ньюкем Инк" корпорациясы үшiн (Стэмфорд қаласы, Коннектикут, АҚШ) Науаи тау-кен металлургия комбинаты (Науаи қаласы) беретiн уран концентратын 2-қосымшаға сәйкес көлемде транзиттеуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi Достастыққа мүше елдердiң 1996 жылғы 5 сәуiрдегi Темiржол көлiгi жөнiндегi кеңесiнiң он бесiншi отырысында бекiтiлген Темiр жолмен қауiптi жүктердi тасымалдаудың ережелерiне сәйкес жүктiң Қазақстан аумағы бойынша өтуiне қауiпсiздiктiң ерекше шараларын және оны бақылауды қамтамасыз ете отырып, тасымалдауды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекетгiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi транзиттiк тасымалдауларға заңдарда белгiленген тәртiппен
бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының 1-тармағының 2-тармақшасының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білiм министрлiгiнiң Атом
энергиясы жөніндегі агенiттiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 10 ақпандағы
N 109 қаулысына
1-қосымша
"Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Ресей) Науаи
тау-кен металлургия комбинаты (Өзбекстан Республикасы)
үшін беретін разрядтық жүктердің көлемі
N Өнімнің атауы Өлшем бірлігі Саны
1. Гранулотол ГОСТ 25857-83 тонна 3000
2. Д.32 мм патрондағы 6 ЖВ тонна 70
аммониті ГОСТ 21984-76
3. Аммонал-200 (Д 32 мм) тонна 70
ГОСТ 21984-76
4. ПВЖ-20 шлангілі зарядтар тонна 100
ТУ 84-668-77
5. Т-400Г престелген шашкілер тонна 210
ГОСТ 84-411-80
6. ТГ-500 құйылған шашкілер тонна 105
ГОСТ 84-411-80
7. Түтінді жарылғыш оқ-дәрі тонна 18
ГОСТ 1028-79
8. ДБЭ-12 детонаторлайтын бау мың метр 5200
ГОСТ 6196-78
9. ИВШП 143000000 қосқышы мың дана
10. ОБП от өткізгіш бау ГОСТ мың метр 240
3470-80
11. ПР-8 пиротехникалық реле мың дана 75
ТУ 84-1137-86
12. ТП-Б тұтандырғыш патрон мың дана 6,6
ТУ 84-206-81
13. ЭТ-ӨБ электрмен тұтандырғыш мың дана 4,5
Ту 84-207-81
14. КД-8С капсюлдер-детонаторлар мың дана 75
ГОСТ 6254-85
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 10 ақпандағы
N 109 қаулысына
2-қосымша
"Нъюкем Инк" корпорациясы (АҚШ) үшін Науаи тау-кен
металлургия комбинатының (Өзбекстан Республикасы)
1999 жылы уран концентратын жөнелту кестесі
N Көлемі фунтпен Көлемі тоннамен
1 5 950 000,0 2 288,655
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.