Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметінің арасындағы Автоматтандырылған экологиялық таза арнайы көлік пен оның инфрақұрылымы саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 ақпан N 123

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1998 жылғы 22 қазанда Тбилиси қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Грузияның Атқарушы Өкіметінің арасындағы

Автоматтандырылған экологиялық таза арнайы көлік пен оның

инфрақұрылымы саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузияның Атқарушы

        Өкіметінің арасындағы Автоматтандырылған экологиялық

          таза арнайы көлiк пен оның инфрақұрылымы саласы

                  бойынша ынтымақтастық туралы

                            Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 17-құжат)

    (1999 жылғы 18 наурызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)


     Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Грузияның Атқарушы Өкiметi,


 
       екi елде де әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағытының бiрi - жетуi қиын таулы бедерлi қалалар мен аудандардың тұрғындары мен өндiрiстерiн көлiкпен қамтамасыз ету проблемаларын оңтайлы шешу болып табылатынын мойындай отырып,
      екi елдің ұлттық шаруашылығының негiзгi салаларында (қалалық коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, денсаулықты қорғау, туризм, тау шаңғы спорты және басқалар) автоматтандырылған экологиялық таза жолаушылар және, жүк электр көлiгi (канаттық, монорельстiк, канат-рельстiк, троллейбустiк және басқа) мен оның инфрақұрылымдарын (тиесу, түсiру, жинақтау) құру және ендiру, қайта жаңарту және дамыту саласында өзара ұтымды экономикалық, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ынтымақтастықты дамытуға ұмтыла отырып,
      көліктік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін ұдайы және

 

жоғарылатуды, азаматтардың тұрмыс жағдайларын жақсартуды, жұмыспен

қамтуды кеңейтудi, көшi-қонды қысқартуды материалдық және адамдар

ресурстарын тиiмдi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды

қамтамасыз ету мақсаттарын басшылыққа ала отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                        1-бап


     Осы Келiсiмнiң шеңберiнде теңқұқықты және өзара тиiмдi

принциптердiң негiзiнде ынтымақтастықты жүзеге асыру.


                        2-бап


     Мына бағыттарда ынтымақтасатын болады:


 
       Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, жаңа жабдықтардың тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк үлгiлерiн, халықаралық стандарттар деңгейiнде экологиялық таза арнайы көлiк пен оның автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң озық үлгiлерiнің техникалық құралдарын әзiрлеу;
      ұлттық шаруашылықтардың негізгі салаларының қайта жаңартылатын және жаңадан салынатын объектілері үшін жобалау-зерттеу жұмыстары,
      арнайы жабдықтар мен оның қосалқы бөлшектерiн жинақтау,
      монтаждау-iске қосу, жөндеу-құрылыс жұмыстары және авторлық әрi техникалық қадағалауды жүзеге асыра отырып, объектілерді түпкілікті пайдалануға тапсыру,
      техниканы пайдаланатын қызметкерлерді даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру,
      пайдалану сенімдiлiгiн сақтай отырып, өндiрiлген құралдар мен жүйелердің жабдықтарын игеруде техникалық көмек көрсету,
      автоматика, телемеханика және есептеу техникасы құралдарын қолдана отырып, арнайы көлiк пен оның ақпараттық-басқару жүйелерiнiң ендiрiлген түрлерiн жүйелi талдауды жүргiзу мен нақты әлеуметтiк сондай-ақ техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау,
      өздерінің аумақтарында үкіметаралық келісімдердің немесе екі елдің ғылыми өндірістік, өнеркәсіптік және қоғамдық ұйымдарының тікелей байланыстары негізінде, энергия үнемдейтін құралдарды ендiрудi қоса алғанда, бiрлескен кәсiпорындарды (акционерлiк қоғамдарды) құруға жәрдемдесу,
      екі елдің өміріне нарықтық экономиканың жүйелік жаңартулары мен реформаларының сапалы және тиімді енгізілуін қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу және іске асыруға жәрдемдесу,
      электрондық және пошта байланысын пайдалана отырып, ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратпен алмасу, өзара тиімді мақсатты мемлекетаралық экономикалық, ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
 
                              3-бап
 
      2-бапта көзделген ынтымақтастықты мына ұйымдар жүзеге асырады:
      Қазақстан Тарабынан - өз құзыреттерiнiң шегiнде және Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес ресiмделген мемлекетаралық тапсырыстардың немесе тiкелей шаруашылық шарттардың (келiсiм- шарттардың) негізінде мүдделi министрліктер, ведомстволар, ғылыми, өндірістік, шаруашылық ұйымдар, жоғарғы оқу орындары мен фирмалар,
      Грузия Тарабынан - Арнайы көлiк жөніндегі мемлекетаралық салааралық ғылыми-техника кешенi және оның "Сакспецтранс" автоматтандырылған басқару жүйесi (арнайы көлiк бойынша бастысы), Инженерлiк академия, Техникалық университет және Грузияның басқадай мүдделi ұйымдары.
 
                            4-бап
 
      Автоматтандырылған арнайы көлiк пен оның инфрақұрылымдарының экологиялық таза түрлерiн жасау және ендірудің, қайта жаңарту мен дамытудың мемлекетаралық мақсатты кешендiк бағдарламалары мен бизнес-жоспарының тәртiбін, мақсаттары мен тапсырма мазмұнын және бiрлескен жұмыстың күтiлетiн нәтижелерiн, қаржыландыру көздерiн, мерзiмдерiн, орындалу мен iске асырылу шарттарын анықтайды.
      Ынтымақтастыққа үшiншi елдер ұйымдарының немесе халықаралық

 

ұйымдардың қатысуының орындылығын Тараптар анықтайды.


                        5-бап


     Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi Тараптардың ынтымақтастығы мынадай

нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:

     1. Мыналарды құру бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу және

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

     автоматтандырылған жолаушылар, жүк-жолаушылар мен жүк канаттық

және канат-рельстік көлік жүйелері;

     автоматтандырылған жолаушылар, жүк-жолаушылар мен жүк

монорельстік және конвейерлік көлік жүйелері;

     автоматтандырылған жолаушылар троллейбустік көлік жүйелері;


 
       тасымалдау, тиеу, түсіру және жинақтау үрдістерінің кешендік

 

механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерi.

     2. Жоғарыда көрсетілген жүйелердің жобалау-зерттеу,

монтаждық-іске қосу, жөндеу-құрылыс жұмыстары.

     3. Мамандарды даярлау және біліктілігін көтеру мен сынақ

мерзімінен өткізуді ұйымдастыру.

     4. Энергияны үнемдеумен қоршаған ортаны қорғау құралдары мен

жүйелерiн

құру.

     Ынтымақтастық осы Келiсiмнiң iске асырылуын қамтамасыз ететін

өзара келісілген өзге нысандарда да жүзеге асырылуы мүмкін.


                         6-бап



 
       Бірлескен ғылыми-техникалық өнімдерді (қызмет көрсетулерді) ресми мәлімдеудi және есепке алуды Тараптар мемлекеттерiнiң декларанттары шарттардың (келiсiм-шарттардың) негiзiнде және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асыратын болады.
 
                           7-бап
 
      Тараптар екі елде еркін айналыстағы валютаның тұрақты кірісінің нақты көзі болып табылатын бәсекеге шыдайтын экспорттық өнімді өндіру бойынша жұмыстарды дамытуға жағдай жасайтын несиелер мен инвестицияларды беру шарттарын келісіп отыратын болады.
 
                           8-бап
 
      Тараптар осы Келісімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған экологиялық таза арнайы көлік және оның инфрақұрылымы саласында ынтымақтастық мәселелері жөнінде өзінің регламентін әзірлейтін және Тараптарға бекіткізетін жұмыс тобын құрады.
 
                           9-бап
 
      Тараптар осы Келісімнің негізінде өздері немесе өздерінің өкілдері алған ақпарат пен құжаттаманы жарияламауға және ақпарат пен құжаттаманы берген Тараптың ресми келісімінсіз кез келген үшінші елге бермеуге міндеттенеді. Тараптар ынтымақтастық барысында бір біріне беретін алғашқы мәліметтердің, ақпараттың сенімділігіне және материалдардың саналылығына жауап береді.
 
                           10-бап
 
      Тараптар бірлескен жұмыстарға қатысатын мамандармен алмасу мәселесін Тараптар мемлекеттерінің заңдары белгілеген тәртіппен шешеді.
 
                           11-бап
 
      Осы Келісім Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
      Өзгерістер мен толықтырулар 12-баптың ережелеріне сәйкес күшіне енетін тиісті Хаттамамен ресімделеді.
      Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға байланысты даулар Тараптардың арасындағы кеңесулер және келіссөздер арқылы шешілетін болады.
 
                           12-бап
 
      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша мәлімдемені алған күннен бастап күшіне енеді.
      Келісім он жыл бойы күшінде болады. Егер Тараптардың бірде бірі

 

Келісім күші мерзімінің аяқталуынан алты ай бұрын екінші Тарапқа оның

күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда хабарламаса, Келісім келесі

онжылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.


     Тбилиси қаласында 1998 жылғы 22 қазанда әрқайсысы қазақ, грузин

және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің

күші бірдей.

     Осы Келісімді түсіндіруде пікір алшақтығы туындаған жағдайда орыс

тіліндегі мәтінге үстемдік беріледі.


     Қазақстан Республикасының           Грузияның Атқарушы

          Үкіметі үшін                      Өкіметі үшін


     Оқығандар:

       Қобдалиева Н.

       Орынбекова Д.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады