Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 ақпан N 129

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:   

     1. 1998 жылғы 3 қыркүйекте Астрахань қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі

арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

             Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы

               Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы

                              Келісім


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 16-құжат)

    (1999 жылғы 9 наурызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

         Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 80 бет)


     Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi,


 
       1996 жылғы 17-қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шарт ережелерiн басшылыққа ала отырып және дамыта отырып,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аясында әскери-техникалық ынтымақтастық саласында жасалған келiсiмдердi,
      сондай-ақ 1997 жылғы 23-қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Беларусь Республикасының Қарулы Күштерi үшiн жеткiзiлетiн өнiмдердiң сапасына әскери бақылау жасау туралы келiсiмдi ескере отырып,
      өз мемлекеттерiнiң қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақты, әскери техниканы, әскери-техникалық мүлiктi, оларды жабдықтау бұйымдары мен қосалқы бөлшектерiн әзiрлеу, өндiру және өзара жеткiзiп тұру бойынша қалыптасқан бiрлескен байланыстардың сақталуын орынды деп есептей отырып,
      әскери-техникалық салада өзара тиiмдi екi жақты байланыстарды тұрақты негiзде дамытудың маңыздылығын мойындай отырып,
      ынтымақтастықты өзара тиiмдiлiк және экономикалық мақсаттылық негiзiнде кеңейтуге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 
                           1-Бап
 
      Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      1. Авиациялық техника мен қару-жарақты;
      әуе қорғанысы әскерлерi үшiн техника мен қару-жарақты;
      құрлықтағы әскерлер үшiн техника мен қару-жарақты;
      әскердi, қару-жарақты басқарудың, барлау және радиоэлектронды күрестiң автоматтандырылған жүйесiн, мәлiметтердi беру, байланыс құралдары мен оптикалық құралдарды, жүйесi мен кешендерiн өндiру, жеткiзiп тұру, жаңғырту, қызмет көрсету және жөндеу.
      2. Қару-жарақ пен әскери техниканы жетiлдiру мүдделерi үшiн жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар.
      3. Әскери мақсаттағы өнiмдердi шығаратын кәсiпорындарды қайта жаңарту, жаңғырту және конверсиялау.
 
                            2-Бап
 
      Осы Келiсiм ережелерiн жүзеге асыру үшiн Тараптар Уәкiлеттi органдарды тағайындайды:
      Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Беларусь тарабынан - Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Беларусь Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi.
 
                            3-Бап
 
      Қару-жарақты, әскери техниканы, материалдық құралдарды сатып алу және қызмет көрсету жасаушы кәсiпорындар мен тапсырыс берушiлер арасындағы шарттар негiзiнде Тараптардың қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы мүлiктi өзара жеткiзiп тұру тiзбесi мен мөлшерiн және әскери-ғылыми әрi әскери-техникалық мақсатта қызмет көрсетудi, жеткiзiп тұру шарттарын, өзара есеп айрысудың тәртiбi мен нысандарын Тараптар және олардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi шарттық құжаттарда айқындайды.
 
                            4-Бап
 
      Осы Келiсiм үшiншi тараптың мүдделерiне нұқсан келтiрмейдi және Тараптардың басқа елдермен әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығына кедергi келтiрмейдi.
      Тараптар екiншi Тараптың ол бұрынырақта жасаған халықаралық шарттар бойынша шарттық мiндеттемелерiн орындауына кедергi келтiретiн iс-қимылдарға тартынуға мiндеттенедi.
      Үшіншi тарапқа әскери техниканы, өнiмдердi және олар туралы ақпаратты беру мен сату (керi экспорттау) осы техниканы, өнiмдердi және ақпаратты берген Тараптың жазбаша келiсiмiмен және олармен келiсiлген шарттар бойынша рұқсат етiледi.
 
                         5-Бап
 
      Қару-жарақ пен әскери техника үлгiлерiн жаңғырту және дамыту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар Тараптардың уағдаластығы негiзiнде орындалады.
      Тараптар бiрлесiп әзiрлеу мен пайдаланудағы қару-жарақ пен әскери техника үлгiлерi бойынша ғылыми-техникалық ақпараттармен үнемi алмасып отыруды жүзеге асырады.
      Аталған ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртiбiн, сондай-ақ авторлық құқықтар мен патенттердi қорғауды Тараптар қосымша келiсiмдермен айқындайды.
 
                            6-Бап
 
      Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде алынған

 

ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етуге және келiсiлген құпиялылық

дәрежесiн сақтауға мiндеттенедi.

     Тараптар ынтымақтастық саласына қатысты келiсiм қағидаларын және

коммерциялық құпияларды құрметтейдi.


                           7-Бап


     Ынтымақтастық барысында туындайтын даулы мәселелер келiссөздер

және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

     Егер Тараптар бiр шешiмге келе алмаса, Тараптардың немесе

олардың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң осы Келiсiм ережелерiн

бұзуына байланысты келтiрiлген материалдық залалды өтеу жөнiндегi

дауларды қарау Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық сотында

жүзеге асырылатын болады.


                            8-Бап



 
       Осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша хаттамалар жасау жолымен енгiзiлуi мүмкiн.
 
                             9-Бап
 
      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды орындағаны жөнiндегi мәлiмдемелермен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды және егер Тараптардың ешқайсысы тиiстi мерзiмнiң аяқталуына алты ай қалғанға дейiн оның қолданысын тоқтататын ниетi туралы жазбаша мәлiмдемесе, оның қолданысы келесi бес жылдық кезеңге өзiнен-өзi ұзартылады.
 

 

     Астрахань қаласында 1998 жылғы 3 қыркүйекте екi түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтіннiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде Тараптар орыс тiлiндегi

мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының     Беларусь Республикасының

        Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін


     Оқығандар:

       Қобдалиева Н.

       Омарбекова А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады