Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын қызметкерлерге жалақының уақытында төленуін жедел ұйымдастыру және бақылау жөніндегі Үкіметтік мақсатты топ құру туралы" 1998 жылғы 9 қазандағы N 1024 P981024_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 36, 326-құжат):
1) Үкіметтік мақсатты топтың құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Жанат Жұрғалиқызы Ертілесова енгізілсін, төрайымы етіп;
2) Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев аталған құрамнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өнеркәсіп саясатын және
отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды іске асыру жөнінде
мақсатты топ құру туралы" 1998 жылғы 15 қазандағы N 1039
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 36, 331-құжат):
1) Үкіметтік мақсатты топтың құрамына Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің бірінші вице-министрі Жанат Жұрғалиқызы Ертілесова
енгізілсін;
2) Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев аталған құрамнан шығарылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Қобдалиева Н.