Мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын қызметкерлерге жалақының уақытында төленуiн жедел ұйымдастыру және бақылау жөнiндегi Үкiметтiк мақсатты топ құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 қазандағы N 1024

 


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi

Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаға сәйкес Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. Үкiметтiк мақсатты топ мынадай құрамда құрылсын:


     Ертілесова Жанат           - Қазақстан Республикасының

     Жұрғалиқызы                  Қаржы министрiнің бірінші

                                  вице-министрі, төрайым




     Көшербаев Қырымбек         - Қазақстан Республикасы Бiлiм,

     Елеуұлы                      мәдениет және денсаулық сақтау

                                  министрi, төрағаның орынбасары


     Шөкеев Өмiрзақ             - Қостанай облысының өкiмi

     Естайұлы


     Жақиянов Ғалымжан          - Павлодар облысының әкiмi

     Бәдiлжанұлы


     Жақыпов Қабиболла          - Батыс Қазақстан облысының әкiмi

     Қабенұлы


     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.24. N 169 қаулысымен.



P990169_




     2. Үкiметтiк мақсатты топ:


 
       орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын қызметкерлердiң жалақысын уақытында төлеу мәселелерi бойынша жұмыстың үйлестiрiлуiн жүзеге асырсын. Қажет болғанда заңда белгiленген тәртiппен жауапты қызметкерлердi атқарып отырған лауазымдарынан босатуға дейiн шаралар қолдансын;
      апта сайын жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiн хабардар етiп отырсын;
      осы мәселе бойынша қабылданған мемлекет басшысы тапсырмаларының және Үкiмет актiлерiнiң орындалу барысын үйлестiрудi және бақылауды қамтамасыз етсiн.
      3. Тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын қызметкерлердiң жалақысы уақытында төленуiн қамтамасыз ету үшiн барлық деңгейдегi әкiмдерге дербес жауапкершiлiк жүктелсiн.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      осындай мәселелердi шешу үшiн бiр апталық мерзiмде аймақтарда мақсатты топтар құрсын;
      аймақтық мақсатты топтардың iс-әрекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуiн ұйымдастырсын.
      5. Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi бiр апталық мерзiмде ағымдағы жылдың 1 қазанында жалақы және мемлекеттiк әлеуметiк сақтандыру қорларына төленетiн жарналар жөнiндегi берешектi өтеудiң кестесiн бекiтсiн және оны Үкiметтiк мақсатты топқа тапсырсын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады