Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай, iшкi және
сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы: жаңа ғасырда қоғамды
демократияландыру, экономикалық және саяси реформа" атты Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Өнеркәсiп саясатын және отандық тауар өндiрушiлердi мемлекеттiк
қолдауды iске асыру жөнiнде мына құрамда Үкiметтiк мақсатты топ
құрылсын:
Әблязов Мұхтар - Мақсатты топтың төрағасы, Қазақстан
Қабылұлы Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрi
Ертілесова Жанат - Қазақстан Республикасының
Жұрғалиқызы Қаржы министрiнің бірінші
вице-министрі, төрайым
Солдченко Роман - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Владимирович индустрия и сауда министрлiгiнiң
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Мәсiмов Кәрiм - Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi
Қажымқанұлы Басқармасының төрағасы
Yмбетов Алтынбек - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Смағұлұлы жабық акционерлiк қоғамының президентi
Ескерту. Құрам өзгердi - ҚРY-нiң »1998.12.07. N 1255 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.02.24. N 169 қаулысымен.
2. Үкiметтiк мақсатты топ:
1998 жылдың 1 қарашасына дейiн өнеркәсiп саясатын және отандық
тауар өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды iске асыру жөнiндегi iс-қимыл
жоспарын әзiрлесiн;
- кәсiпорындардың төлем қабiлетiнiң сұранысын генерациялайтын
жұмысының;
- iрiктемелi мемлекеттiк қолдау көрсету үшiн өнеркәсiптiң өңдеушi
салалары кәсiпорындарының мониторингiн ұйымдастырсын;
Премьер-Министрге өнеркәсiп саясатын және отандық тауар
өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды орындаудың барысы туралы жүйелi
түрде хабарлап отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi