Әйелдер, аралас жұптар арасындағы, фитнесс және Про-Амм классик бодибилдингі бойынша Азия чемпионаты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 ақпан N 174

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы бодибилдинг және пауэрлифтинг федерациясы (келісім бойынша) 1999 жылдың 3-6 шілдесі аралығында Алматы қаласында әйелдер, аралас жұптар арасындағы, фитнесс және Про-Амм классик бодибилдингі бойынша Азия чемпионатын өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жарыс өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарысқа

 

қатысушылардың келу және қайту құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.

     4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық

келісім министрлігі әйелдер, аралас жұптар арасындағы, фитнесс және

Про-Амм классик бодибилдингі бойынша Азия чемпионатын республикалық

бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

Орынбекова Д.

Қобдалиева Н.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады