Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 наурыз N 186. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12. 
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Фосфор өндірісінің қалпына келтіріліп жатқан кәсіпорындарын қолдау және сары фосфордың экспортына лицензиялар беру рәсімдерін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж. N 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға "Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесі" деген 4-қосымшада:

     "Есірткілік және ақыл-естен айыратын заттар, улар" деген бесінші жолда:
     2-бағандағы "тізбе бойынша" деген сөздерден кейін "сары фосфордан басқа СЭҚ ТН коды 280470000" деген сөздермен толықтырылсын;
     1, 2 және 3-бағандар мынадай мазмұндағы алтыншы жолмен толықтырылсын:

     "Сары фосфор             280470000    Табиғи ресурстар
                                           және қоршаған
                                           ортаны қорғау
                                           министрлігі".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады