"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 71 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 наурыз N 227

      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 ақпандағы N 71 P990071_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың әкімдері, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы және ұйымдары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартты, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасына байланысты іс-шараларды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі министрліктермен, агенттіктермен және ведомстволармен бірлесіп Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің және жұмыс топтарының қазақстандық

 

бөлігінің құрамы жөнінде ұсыныс енгізсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады