1992 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін ашу туралы келісімге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданының шекара маңындағы аумақтарында қалыптасқан экономикалық жағдайға, қаржыландырудың болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгіленген тәртіппен:
1)
2) "Бақты" халықаралық өткізу пунктінің құрылысын салу мен қайта жаңартуды қамтамасыз етсін.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 1) тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
1999.11.10. N 1681 қаулысымен. P991681_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте аталған Комитетке көзделген қаражаттың есебінен Бақты" халықаралық өткізу пунктінің құрылысына және оны нығайтуға 66 106 000 (алпыс алты миллион жүз алты мың) теңге бөлсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.11.10. N 1681
қаулысымен. P991681_
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық
Республикасының Үкіметі мен басқа да мүдделі шетел мемлекеттерінің
өкілдіктерін заңды және тұлғалардың "Бақты" халықаралық өткізу пунктінде
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлары мен
көлік құралдарын кедендік ресімдеудің жаңғыртылғандығы туралы
хабарласын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.11.10. N 1681
қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.