"Қазақстан Республикасының Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 наурыз N 255. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 196 қаулысымен. ~P000196

      1998 қаржы жылының қорытындылары бойынша "Қазақстан Республикасының Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "Халықтық

Банк" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысының

сайлауы үшін аталған қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің мынадай

кандидатураларын енгізсін:


     Смағұлов Қайрат          -  Қазақстан Республикасы Премьер-

     Молдрахманұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының

                                 орынбасары, төраға




     Абдулина Нәйлә           - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

     Құрманбекқызы              төрағасының орынбасары (келісім бойынша)


     Солодченко Роман         - Қазақстан Республикасы Экономикалық

     Владимирович               жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы


     Әбілғазин Дәнияр         - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-

     Рүстемұлы                  министрі


     Досаев Ерболат           - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Асқарбекұлы                индустрия және сауда вице-министрі


     Мәсімов Кәрім            - "Халықтық Банк" ашық акционерлік қоғамы

     Қажымқанұлы                басқармасының төрағасы (келісім бойынша)


     Оқаев Ермек Қабиұлы      - "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы

                                акционерлік компаниясы" жабық         

                                акционерлік қоғамы басқармасының

                                төрағасы.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.19. N 285     

              қаулысымен. 


P990285_



     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.10.28. N 1619 қаулысымен.



P991619_





 
       2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Р.Әбілғазинге дауыс беру және жиналыстың өткізілу қорытындылары бойынша қажетті құжаттарға қол қою құқығымен сенімхат беріле отырып, "Халықтық Банк" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысында Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіруге уәкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады