Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Премьер-Министрі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 273

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Премьер-Министрі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Премьер-Министрі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1140 P981140_ қаулысының күші жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкіметінің 1999 жылғы

                                          19 наурыздағы

                                        N 273 қаулысымен

                                           бекітілген




 

     ЕСКЕРТУ. Өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.02. N 696         

              қаулысымен. 


P990696_




          Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

            мен Премьер-Министрі орынбасарларының

                    арасында міндеттерді бөлу


                   Қазақстан Республикасының

                       Премьер-Министрі

                         Н.Ө.Балғымбаев



 
       Үкіметтің қызметіне тікелей басшылық жасау, Президентпен,

 

Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас

Прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста

Үкіметтің өкілі болу.

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған

іс-қимыл

бағдарламасын іске асыруға жалпы басшылық.

     Әскери-реформаларды және құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын

жүзеге асыруды үйлестіру.

     Астана қаласын дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

     Кадр мәселелері.


                       Қазақстан Республикасы

                    Премьер-Министрінің орынбасары

                             А.С.Павлов


     Халық шаруашылығының жедел басқару мәселелері.

     Тұрғын үй-коммуналдық сала реформаларын жүзеге асыруды үйлестіру.

     Аймақтық даму, шағын қалаларды тұрақтандыру және дамыту мәселелері.

     Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын реформалау мәселелері.

     Бәсекелес рыноктарды дамыту мәселелері.


      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

            орынбасары - Қаржы министрі

                  О.Ә.Жандосов


     Макроэкономика және қаржы салалары мәселелері.

     Дүниежүзілік сауда ұйымын қоса алғанда, халықаралық қаржы және

экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру.

     Техникалық көмек пен мемлекеттік инвестицияларды пайдалануды

үйлестіру.

     Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері.




        Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

          орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі

                    Ж.С.Кәрібжанов


     Аграрлық саясатты іске асыру, агроөнеркәсіптік кешенді реформалау

мәселелері.

     Экономика тоқыраған селолық аудандарды дамыту мәселелері.


        Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

            орынбасары - Сыртқы істер министрі

                       Қ.К.Тоқаев


     Халықаралық саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелері.

     Шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері.

     ТМД елдерімен және олардың интеграциялық бірлестіктерімен өзара

қатынасты үйлестіру.

     Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері.

     Экспорттық бақылау мәселелері.


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады