Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына "Гранипор-ФМ" жарылғыш заттарының транзиті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 283

     "Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1998 жылғы 26 қазанда "Нитро-Взрыв" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Кумтор Оперейтинг Компани" (Бішкек қаласы) компаниясының арасында жасалған N 07/99-НВ келісім-шарт бойынша көлемі 1000 тонна "Гранипор-ФМ" жарылғыш заттарының Елек-1 және Луговой шекара өткелдері арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына транзитіне рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі Достастыққа қатысушы мемлекеттер Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің он бесінші отырысында 1996 жылғы 5 сәуірде бекітілген Қауіпті жүктерді темір жолдар арқылы тасымалдаудың ережелеріне сәйкес жүктің Қазақстанның аумағы бойынша өтуінің қауіпсіздігі мен оны бақылау шараларын қамтамасыз ете отырып тасымалдауды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен транзиттік тасымалдауларды

бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады