1999 жылғы 22 қаңтардағы Өзгерістер мен қосылу жөніндегі шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 сәуір N 383

      "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (серіктестігі) қатысушылары құрамының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының, "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігінің (серіктестігінің), "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамының, "Теңізмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының, "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк.", "Шеврон Оверсиз Компани", "Шеврон", "Мобил Қазақстан Венчурз Инк.", "Мобил Корпорэйшн", "ЛУКАРКО Б.В.", "Атлантик Ричфилд Компани" компаниялары мен "ЛУКойл Мұнай Компаниясы" ашық акционерлік қоғамының арасында 1999 жылы 22 қаңтарда қол қойылған "Өзгерістер мен қосылу туралы" Шарт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Атырау облысының әкімі "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігі (серіктестігі) мен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 және 1997 жылғы 17 маусымдағы N 979 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 мамырдағы N 452 P980452_ қаулысына сәйкес "Теңізмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігіндегі (серіктестігіндегі) жиырма бес процентке тең қатысу үлесін "Мобил Қазақстан Венчурз Инк." компаниясының пайдасына сатуды, сондай-ақ "Теңізмұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігіндегі (серіктестігіндегі) жиырма бес процентке тең қалған қатысу үлесін "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлік қоғамына беруді, сондай-ақ "Шеврон Оверсиз Компани" компаниясының "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігіндегі (серіктестігіндегі) бес процентке тең қатысу үлесін "ЛУКАРКО Б.В." компаниясының пайдасына сатуды көздейтін" Өзгерістер мен қосылу туралы" Шарттың тараптарына жәрдем көрсету жөнінде шаралар қолдансын.
      3. "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі әріптестігіне (серіктестігіне), "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамына, "Шеврон Оверсиз Петролеум Инк.", "Шеврон Оверсиз Компани", "Шеврон", "Мобил Қазақстан Венчурз Инк.", "Мобил Корпорэйшн", "ЛУКАРКО Б.В.", "Атлантик Ричфилд Компани" компанияларына және "ЛУКойл Мұнай Компаниясы" ашық акционерлік қоғамына (жиынтығында - Компаниялар) Қазақстан Республикасы Президентінің "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнының қызметі туралы" 1993 жылғы 6 сәуірдегі N 1168 Жарлығында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорнындағы үлестік қатысудың жартысын сатып алу-сату туралы Түпкілікті келісімді бекіту туралы" 1996 жылғы 4 мамырдағы N 557 P960557_ қаулысында көзделген кепілдіктер мен міндеттемелерді Компаниялардың

 

"Өзгерістер мен қосылу туралы" Шарт күшіне енген соң күшінде және

қолдануда қалған ретінде, заңдарда белгіленген тәртіппен талап етуі

мүмкін екендігін растасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Үмбетова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады