Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Академик Қ.И.Сәтбаевты мәңгі есте қалдыру туралы" 1998 жылғы 14 сәуірдегі N 332 P980332_ қаулысын іске асыру мақсатында және оның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтой салтанатына дайындық пен оны өткізуге арналған шығыстардың бекітілген бірыңғай сметасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Павлодар облысының әкіміне Теңдік аулында мектеп салуға
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 119 (бір жүз он тоғыз) млн.
теңге бөлінсін.
2. Павлодар облысының әкіміне Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау, білім және спорт министрлігімен бірлесіп 1999 жылы мектептің
салынуын және пайдалануға қосылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген
қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Умбетова А.