Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының меншігіне жататын шетелдегі жылжымайтын объектілер тізбесін кеңейту жөнінде белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігін әкімшілік тұрғыдан орналастыру үшін Париж қаласындағы мына мекен-жайлардағы: 9/13, 13 rue du Docteur Роinсаrе; 8, 10, 12, 14 және 16 avenue Leopold II және 1/3 avenue Emile Bergerat ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы қабыл алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп заңмен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Елшілігінің Париж қаласы, 59 rue Pierre Charron мекен-жайындағы ғимаратын сатсын және одан түскен қаражатты республикалық бюджеттің есебіне жатқызсын;
2) шетелдік несиешілермен қаржыландырудың шарттары мен сызбасы
жөнінде келіссөздер жүргізсін, несиелік келісімді әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) мемлекеттік борыш лимитінің шеңберінде шетелдік несиешілермен
несие келісіміне қол қойсын;
2) несиеге қызмет көрсету және өтеу республикалық бюджет қаржысынан
көзделсін;
3) қаржының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.А.Жандосовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Умбетова А.