Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 сәуір N 421. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.31. N 649 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

       Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.31. N 649 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Министрліктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден түсетін кірістерді республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кірісіне есептеу туралы мәселені шешсін; 
      2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бойынша шығыстардың сметасын бекіткен кезде, олардың кіріс бөлігінде, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өздеріне бекітілген мүліктерді жалға беруден алатын кірістер ескерілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады