1. "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына P980840_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 30, 266-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауындағы және мәтініндегі "(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігіне жүктелсін";
3) көрсетілген қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережеде:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым, базарда орналастырылған сауда нүктелерінің санына қарамастан, ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрі (бұдан әрі - базар алаңы) үшін күн сайын төленеді. Алымның ставкасы базар алаңының бір шаршы метрі есебімен белгіленеді. Төлеушінің қалауы бойынша алымақы 1 күннен 30 күнге дейінгі мерзімге төленуі мүмкін. Бұл орайда алымның сомасы күндердің санына бара-бар ұлғайтылады.";
6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды
сату құқығы үшін алымның ставкалары
әр күн үшін базар алаңының
бір шаршы метрі есебімен теңгемен
____________________________________________________________________ |Базардың | Базардың санаты | |мамандануы | | |___________________|________________________________________________| | | I | II | III | |___________________|__________________|______________|______________| |Азық-түлік | 24 | 20 | 16 | |___________________|__________________|______________|______________| |Заттар | 20 | 18 | 14 | |___________________|__________________|______________|______________| |Автомобиль | 16 | 14 | 12 | |___________________|__________________|______________|______________| |Мал және жем-шөп | 14 | 12 | 10 | |___________________|__________________|______________|______________| 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.