Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн ақы төлеудiң тәртiбi мен алымдардың ставкалары туралы ереженi бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 840. ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiнен сөздер алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.04.22. N 457 қаулысымен. ~P990457 Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.20. N 1665 қаулысымен. ~P011665

      ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiнен сөздер алып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1999.04.22. N 457 қаулысымен. P990457_
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн ақы төлеудiң тәртiбi мен алымдардың ставкалары туралы ереже; <*>
      Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн алымның ставкалары бекiтiлсiн. <*>
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: уәкiлеттi және құзыреттi органдар қабылдайтын актiлермен бекiтiлген, Базарлардағы сауда ережелерiне және оларға қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес базарлардың санаттарын айқындасын;
      тауарларды сату құқығы үшiн алымдардың ставкаларын осы қаулыда айқындалған шекте белгiлесiн;
      базарларда тауарларды сату құқығы үшiн алым ақыны меншiктiк нысанына қарамастан, олар уәкiлеттiк берген органдар не базарлардың әкiмдерi арқылы өндiрiп алуды қамтамасыз етсiн; <*>
      фискальды зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолданбастан алым ақыны алуға тыйым салынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне Қазақстан Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциямен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 181-Б Бұйрығымен бекiтiлген Базарларда сауда жасаудың және оларға қойылатын санитарлық талаптардың ережелерi сақталуын бақылауды күшейту бөлiгiнде сауда жасау ережелерi мен оларға қойылатын талаптарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тапсырылсын.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 P950955_ қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 274-құжат);
      "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшiн алым туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 ақпандағы N 234 P960234_ қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 68-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 P960987_ қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 17-тармағы.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiне жүктелсiн. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.04.22. N 457
              қаулысымен.  

P990457_

 

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 4 қыркүйектегi
                                              N 840 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

         Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды
       (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн ақы
         төлеудiң тәртiбi мен алымдардың ставкалары туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         I. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және қолдануға енгiзiледi.
      2. Ереже Қазақстан Республикасының базарларында <*> тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымның сомасын жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне есептеудiң және аударудың тәртiбiн белгiлейдi.

      <*> . Ескерту. Салық салу және фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолдану мақсатында, ауылшаруашылық өнiмдерiн қоспағанда, өнеркәсiп өнiмдерiн сату үшiн пайдаланылатын және коммуникациялық: электрмен, сумен жабдықтау, канализация жүйесi бар iргелi ғимараттарда орналасқан сауда кәсiпорындары базарларға жатқызылмайды.
                      II. Алымақы төлеушiлер

      3. Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы төлеушiлер жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi ретiнде салық органдарында тiркелмеген және Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады.
      Салық органдарында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген заңды және жеке тұлғалар базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы төлеушiлер болып табылмайды және базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөнiндегi операцияларды "Фискальды зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолдану тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 9-3-2-3/1847 қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттары арқылы жүргiзуге мiндеттi.
      Жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және патент негiзiнде салық төлеп тұратын жеке тұлғалар базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы төлеушiлер болып табылмайды және тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату жөнiндегi операцияларды фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолданбастан жүргiзедi.

             III. Алымақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi

      4. Базарларда тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы төлеу базардың аумағында салық төлеушiлер саудасын бастағанға дейiн фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттары арқылы жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшiн алым, базарда орналастырылған сауда нүктелерiнiң санына қарамастан, ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрi (бұдан әрi - базар алаңы) үшiн күн сайын төленедi. Алымның ставкасы базар алаңының бiр шаршы метрi есебiмен белгiленедi.Төлеушiнiң қалауы бойынша алымақы 1 күннен 30 күнге дейiнгi мерзiмге төленуi мүмкiн. Бұл орайда алымның сомасы күндердiң санына бара-бар ұлғайтылады. <*>
      Алымақының төленгенi туралы чек немесе тауар чегi салық төлеушiге осы алымақы төленетiн базар аумағында сауда жүргiзуге, қызмет көрсетуге және жұмыстарды орындауға рұқсат бередi.
      Фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттары бұзылып қалған кезде және уәкiлеттi және құзыреттi органдар қолданатын актiлерде қарастырылған басқа да жағдайларда базар әкiмшiлiгi бiр күннiң iшiнде салық органдарын осы туралы жазбаша хабардар етедi. Бұл орайда алымақыларды төлету тауар чектерiн бере отырып, чек кiтапшаларының көмегiмен жүзеге асырылады.
      Чектерде және тауар чектерiнде мiндеттi деректемелерден басқа төлеушiнiң аты-жөнi, орнының нөмiрi, базардың атауы және оның әрекет ету мерзiмi көрсетiледi. Чектердi, тауар чектерiн басқа адамдарға беруге болмайды. Төленген алымақының сомасы қайтаруға жатпайды.
      Алымақылар түрiнде базардың кассасына түскен қаражат күн сайын заңда белгiленген тәртiппен инкассаланады және жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне қосылады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.04.22. N 457 қаулысымен.
               P990457_
      5. Салық қызметтерi қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша алымақы төлеушiлер мыналарға:
      Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды,қызмет

көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы төленгенi туралы
чектердi немесе тауар чектерiн;
     азық-түлiк тауарлары бойынша - сапа (сәйкестiк) сертификатын;
     шетелдiк азық-түлiк, косметикалық, парфюмерлiк және жуатын
тауарлар бойынша - сапа (сәйкестiк) сертификатын, кеден
декларациясының көшiрмесiн, касса чегiн, шот-фактураны немесе
шетелдiк тауарды сатып алу кезiнде берiлген iлеспе хатты көрсетуге
мiндеттi.
     Аталған құжаттар болмайынша, базарда тауарларды (жұмыстарды,
қызмет көрсетулердi) сатуға тыйым салынады.

              IV. Алымақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер

     6,7-тармақтар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6,7-тармақтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.04.22.
              N 457 қаулысымен.  

P990457_

 

        V. Алымақы төлеудi бақылау және тәртiп бұзғаны үшiн
                           жауапкершiлiк



      8. Базар әкiмшiлiгi немесе алымақыны жүзеге асыруға уәкiлдiк берген орган Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн, алымақының сомасы жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне толық және уақытында аударылуы үшiн алымның салық заңдарына сәйкес фискальдық зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолданбастан жүзеге асырылуы үшiн жауап бередi.
      9. Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату құқығы үшiн алымақы сомасының бюджетке толық және уақытында төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының салық органдары жүзеге асырады.
                                           Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 840 қаулысымен бекiтiлген


          Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды
                сату құқығы үшiн алымның ставкалары <*>
                                әр күн үшiн базар алаңының бiр

шаршы метрi есебiмен теңгемен

___________________________________________________________________
     Базардың мамандануы               | Базардың санаты
                                       |___________________________
                                       |     I   |    II   |  III
___________________________________________________________________
  Азық-түлiк                           |    24   |   20    |  16
___________________________________________________________________
  Заттар                               |    20   |    18   |  14
___________________________________________________________________
  Автомобиль                           |    16   |    14   |  12
___________________________________________________________________
  Мал және жем-шөп                     |    14   |    12   |  10
___________________________________________________________________
     ЕСКЕРТУ. Ставкалар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1999.04.22. N 457
              қаулысымен.  

P990457_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады