Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тұқыммен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 сәуір N 461

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысы әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Заңымен белгіленген, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының жиынтық лимитінің шегінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 500 миллион теңгеге дейін көлемде жаздық астық дақылдарының тұқымдарымен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін "Қазақстан Халықтық Жинақ банкі" ашық акционерлік қоғамының кепілдігімен заемдар тарту туралы ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік

 

борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың

заемдарын тартудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің мониторингін

қамтамасыз етсін.

     3. Ақмола облысының әкімі облыстық бюджеттің қаражатынан

тартылған заемдарды өтеуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:     

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады