Киікті қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 сәуір N 527

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында 1999-2000 жылдары киікті аулаудың барлық түріне тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп 1999-2000 жылдардың есебі деректерінің негізінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне киікті аулауға тыйым салу мерзімін ұзарту туралы немесе оларды алдағы жылдары үшін мүмкін шектеулі пайдалану туралы ұсыныс жасасын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Ішкі істер министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бір ай мерзімде ауланған киік өнімін республикадан тысқары заңсыз әкетудің жолын кесу жөнінде шаралар қолдансын.
      4. Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп киікті заңсыз аулауға қарсы күрес, сондай-ақ экобиологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында қасқырларды ату жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, оның орындалуын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға

арналған республикалық бюджетті жасау кезінде киікті қорғау және оның 
есебін жүргізуге қажетті қаражат көздесін.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл 
шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.            
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады