"Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 мамыр N 531

      Орталық Қазақстанның тұтынушыларын сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында және "Ертіс-Қарағанды" каналын экономикалық сауықтыру жөнінде шаралар қабылдаудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қарағанды және Павлодар облыстары әкімдерінің, мүлкін мүліктік жалға беру жолымен "Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін тиімді пайдалану туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдерімен бірлесіп "Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігін 25 жылға мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізсін.
      Тұтынылған электр энергиясы үшін және "Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне жалақы төлеу бойынша берешектерді толық көлемде өтеу және оларды өтеудің мерзімдері тендердің негізгі шарттары болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті "Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тендердің жеңімпазымен, белгіленген мерзімдерге сәйкес, кредиторлық берешектердің қалған бөліктерін міндетті өтеу шарттарымен дебиторлық берешектерді өндіріп алу жөніндегі құқықтарды беру туралы шарттар жасасуын қамтамасыз етсін.
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі "Ертіс-Қарағанды" каналын пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын кредиторларының мемлекеттік мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында аталған шартты дайындау кезінде жәрдем және көмек көрсетсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады