Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 7 мамыр N 553. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.03. N 1852 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 233 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 сәуірдегі N 384  қаулысының ;
      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 929  P980929_   қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 303-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы   

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
бiлiм және спорт министрлiгiнің Денсаулық
сақтау комитетi туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .  
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен .
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi" мемлекеттiк мекемесі.
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылады.
     Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
     Егер Комитетке заң актiлерімен табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.    

2. Комитеттің негiзгi міндеттерi, функциялары
және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүзуге асыруға қатысу, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, азаматтарға дәрілік көмек көрсетудi ұйымдастыру;
      2) өз құзыретiнiң шегiнде медициналық және фармацевтикалық ғылым мен өнеркәсiптi жетiлдiру, денсаулық сақтау кадрларын даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      3) өз құзыретiнiң шегiнде азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
      11. Комитет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттiк және мақсатты кешендi бағдарламаларды, денсаулық сақтау саласының әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады және оларды iске асыру мен оның орындалу барысын бақылау жөніндегi шараларды жүзеге асырады;
      2) азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру, берiлген қаражатты бөлу туралы ұсыныстар әзiрлеп, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысады;
      3) тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінің тізбесін әзірлейді;
      4) денсаулық сақтауды реформалаудың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi, олардың iске асырылуы мен орындалу барысын бақылау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етедi, денсаулық сақтау практикасына ғылыми зерттеулер мен талдамалар нәтижелерiн енгiзудi ұйымдастырады;
      5) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасап, оны үйлестiрудi жүзеге асырады;
      6) денсаулық сақтау объектілерiн жекешелендiру мәселесiн шешуге қатысады;
      7) жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелерi бойынша салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмiр салтын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қалыптастыру саласында қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауды жүзеге асырады;
      9) төтенше жағдайлар болған кезде медициналық көмектi ұйымдастыруды және көрсетудi жүзеге асырады;
      10) өз құзыретiнiң шегiнде сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптауға басшылықты және оны ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      11) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi жөнiнде заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      12) денсаулық сақтау мамандарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге қатысады, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады, денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау мен оларға еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      13) өз құзыретiнің шегiнде лицензиялауды жүзеге асырады, тауарларды экспорттау мен импорттауға лицензия беру туралы шешiмдердi келiсуге қатысады;
      14) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
      15) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi ауруларды әкелу мен таратудан сақтауды ұйымдастырады;
      16) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау объектiлерiнде санитарлық- эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды, өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi әзiрлейдi;
      17) фармацевтикалық қызметтi, дәрілік заттардың қауiпсiздiгін, тиiмділігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
      18) дәрілік заттардың Мемлекеттiк Фармакопеясы мен Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiтедi, медицина практикасында дәрiлiк заттардың қолданылуын тiркеудi және оған рұқсат берудi жүзеге асырады, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техника жөнiнде нормативтiк-техникалық құжаттама әзірлейдi;
      19) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы жаңа бұйымдар мен техникаларға техникалық сынақтар жүргiзуге қатысады, емдеу-профилактика мекемелерiн және халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сатып алынған және iзгілік көмектер желiлерi бойынша түскен дәрілік заттар ресурстарының ұтымды пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      20) денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседi, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында шетелдiк несиелердi, гранттарды, инвестицияларды тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      21) халықтың денсаулығының жай-күйiне талдау жасайды, медициналық-статистикалық және ғылыми-медициналық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу мен ұйымдастырудың, есептеу-есеп берудiң медициналық құжаттамасын жетiлдiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзедi;
      22) өз қызметiнiң аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастырады, халықаралық шарттар мен келiсiмдердің жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      23) Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар мен келiсiмдер жасасқан шетел мемлекеттерiмен, Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдармен ақпарат және мамандар алмасуды ұйымдастырады;
      24) заңмен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      12. Негiзгi міндеттердi iске асыру мен өз функциясын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға, мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      2) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді, нормалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға;
      4) денсаулық сақтауға бөлiнген республикалық бюджет қаражатының дұрыстығы мен тиiмдi пайдаланылуына тексеру жүргiзуге қатысуға;
      5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комитеттің мүлкi

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
      Комитетке мүлiкке билiк ету құқығы берiлген жағдайда, ол заңдарда белгiленген шекте мүлiкке билiк жасайды.

4. Комитет қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      17. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi басқарады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық дәрiгерi лауазымы бойынша Комитет төрағасының орынбасары болып табылады.
      18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      19. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
     4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
     5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекітеді;
     6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
     7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     20. Комитетте консультативтiк-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның саны мен дербес құрамын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білiм және спорт министрi бекiтедi.
     Комитет қызметiнiң бағыттары бойынша сараптама органдары ретiнде кеңестер мен комитеттер құрады.    

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

     21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің 1999 жылғы        
7 мамырдағы             
N 553 қаулысымен          
бекітілген               

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігі Денсаулық
сақтау комитетінің
Құрылымы

     Басшылық

     Емдеу-профилактикалық мекемелердің қызметін үйлестіру басқармасы
     Денсаулық сақтауды жоспарлау басқармасы
     Медициналық білім және ғылым басқармасы
     Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы
     Дәрі-дәрмек саясаты бөлімі
     Ұйымдастыру-бақылау, кадрлармен жұмыс бөлімі

Қазақстан Республикасы       
Үкiметінің 1999 жылғы       
7 мамырдағы             
N 553 қаулысымен          
бекітілген               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау
комитетінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі

     1. Көлiктегі Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
     2. Арал аудандық обаға қарсы күрес станциясы
     3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
     4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
     5. Көлiктегi Мемсанэпидемқадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
     6. Қазақ республикалық лепрозорийi
     7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
     8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
     9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
     10.Отан соғысының мүгедектерiне арналған Республикалық клиникалық госпиталь
     11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
     12. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы
     13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
     14. СПИД-тiң алдың алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық
     15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспiрiмдер туберкулез санаторийi
     17. "Бурабай республикалық туберкулез санаторийi
     18. Арнаулы медициналық қамтамасыз ету республикалық орталығы
     19. Қазақстан Республикасының әуе жолы көлiгiнiң санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     20. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
     21. Орал обаға қарсы күрес станциясы
     22. Медициналық апат орталығы
     23. Сот медицинасы орталығы
     24. <*>
     25. Қазақстан Республикасы көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     26. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
     27. Алматы мемлекеттiк дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты
     28. Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы
     30. Ақтөбе мемлекеттiк медицина академиясы
     31. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйi
     32. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
     33. "Құрмет Белгiсi" ордендi қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты
     34. Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
     35. Обаға қарсы қазақ ғылыми-зерттеу институты
     36. С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттiк медицина университетi
     37. Қарағанды мемлекеттiк медицина академиясы
     38. Республикалық кәсiби аурулар клиникасы
     39. Кәсiби патология клиникасы
     40. Республикалық клиникалық психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-өндiрiстiк шеберханасы
     41. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы
     42. С.Х. Субханбердин атындағы Қазақстан медицина және денсаулық сақтау тарихының мұражайы
     43. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық
     44. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
     45. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы
     46. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
     47. <*>
     48. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
     49. Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты
     50. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
     51. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау
ғылыми-зерттеу орталығы
     52. Республикалық қан орталығы
     54. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
     55. Орта медициналық және фармацевтiк қызметкерлердi даярлау  және қайта даярлау жөніндегi республикалық колледжi
     56. Шығыс және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегі ғылыми-практикалық орталығы
     57. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
     58. "Алатау" балалар клиникалық санаторийі
     59. Республикалық емхана
     60. "Республикалық оқыту-әдістемелік орталығы
     61. Семей мемлекеттік медицина академиясы
     62. "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар орталығы
     63. Спорттық медицина және оңалту орталығы
     64. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
     65. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
     66. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны
     ЕСКЕРТУ. 29,53-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264 қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. 24,47-жолдар алып тасталды, 66-жолмен толықтырылды -
ҚР Үкіметінің 1999.09.10. N 1364 қаулысымен .        

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады