Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамыр N 578 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.04 № 514 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1021 P981021_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 322-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібінде:
      4-тармақтағы "қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдар қызметкерлерінен басқа сот-сараптама қызметі үшін осы "Тәртіпте" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыстық қудалау функциялары жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа сот сараптама қызметі үшін "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңында және осы Ережелерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды орындап," деген сөздер "сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары және арнаулы ғылыми білімі болып," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Сарапшылық мамандықтарының тізбесіне сәйкес белгілі бір мамандыққа қатысты өзге де салаларда" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақтағы "Сот-сараптама" деген сөздердің алдына "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 17-бабына сәйкес" деген сөздер жазылсын;
      12-тармақтың бірінші абзацындағы "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау" деген сөздер "Денсаулық сақтау, білім және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы "қызметі туралы" деген сөздер "жұмысы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақ "19-бабында" деген сөзден кейін "және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңының 10-бабының 1)-3) тармақшаларында" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібінде:
      4-тармақтағы "Заңның 10-бабының 1-тармағының 3-тармақшасында" деген сөздер "Заңда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "осы Тәртіпте" деген сөздер "осы Ережеде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады