Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 617 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1180

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Алматы қаласындағы жол құрылысы туралы" Қазақстан

 

Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 617 


P990617_


  қаулысына

мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

     1) 1-тармақтағы "заңды тұлғалардан (екінші деңгейдегі банктермен)"

деген сөздер алынып тасталсын;

     2) 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1) Алматы қаласының әкімі жүзеге асыратын заемдардың шарттарына

қаржылық сараптама жүргізсін";

     3) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

     "3-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы

қаласының әкімі нақты заемдар тартқан жағдайда, заем туралы шарттың

(келісімнің) құқықтық сараптамасын жүргізсін".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.

     Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады