Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы N 25 мамыр N 636

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі:
      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" бөлімі, 31 "Сотталғандарды және тергеудегі тұтқынға алынған адамдарды ұстау" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 30-кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      "30 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары";
      2) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тіркеуге жататын республикалық бағдарламаларды орындаушы мекемелердің тізбесі:
      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы "реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
      "14 Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторлары".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады