Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 мамыр N 637. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.10. N 198 қаулысымен. ~P000198

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстық өсімдік, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қорғауды, ұдайы өндiрудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау инспекциялары, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, қайта құру жолымен мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары ретiнде облыстық өсiмдiк және жануарлар дүниесiн мемлекеттік бақылау басқармалары болып қайта ұйымдастырылсын.
      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 382 қаулысының;
      2) "Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркін ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 1212 P981212_ қаулысының 9-тармағындағы 2-тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                    Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 637 қаулысымен бекiтiлген


      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің
      Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы
                          Ереже

                   1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi-Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ орман, балық және аңшылық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң өзге де объектiлерi саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң аумақтық органдары - облыстық орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармалары, облыстық өсiмдiк және жануарлар дүниесiн мемлекеттiк бақылау басқармалары бар.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнің актiлерiне өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сай жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000
      Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
      7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы  
комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
     8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Комитеттiң өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау 
тұрғысының кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тыйым 
салынады.
     Комитетке заң актiлерiмен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру 
жөнiнде құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен түскен табыс 
республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
     
             2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары
                            және құқықтары
     
     10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:


      1) орман шаруашылығы, балық және аңшылық шаруашылығы өндiрiсiнде, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуi мен дамуы мәселелерiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) өзiнiң қарауындағы орман, балық, аңшылық және жануарлар дүниесiнің, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары ресурстарын күзету, қорғау, ұдайы өндіру, тиімдi және сарықпай пайдалану саласында мемлекеттiк басқару;
      3) өзiнiң қарауындағы орман, балық, аңшылық және жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының өзге де ресурстарының жай-күйiне, ұдайы өндiрiлуiне, қорғалуына, күзетiлуiне, пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жасау;
      4) орман, балық және аңшылық шаруашылығының, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      5) қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау мен оны жақсарту мақсатында республика орман алабын және ресурстық әлеуетiн арттыру;
      6) өсiмдiк, жануарлар дүниесiнiң, ландшафттардың үлгiлiк, бiрегей және сирек түрлерiн, биологиялық алуан түрлiлiгiн сақтау жөнiндегi жұмыстарға қатысу;
      7) ормандардың, балық және аңшылық ресурстарының өнiмділігiн молайту;
      8) орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын әдiстемелiк, ғылыми және жобалау тұрғысынан қамтамасыз ету болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз құзiретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге қатысады;
      2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын жасауға қатысады, орман, балық және аңшылық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамытуға инвестициялар тартуға және пайдалануға жәрдемдеседi;
      3) орман, балық және аңшылық өнiмдерi өндiрiсін тұрақтандыру мен ұлғайту жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асырады;
      4) өз құзыретiнiң шегiнде орман ресурстары мен жануарлар дүниесiн пайдалану жөнiнде шаруашылық, ұйымдастырушылық және рұқсат беру iс-шараларын жүзеге асырады;
      5) Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерi бойынша Каспий жағалауы мемлекеттерiнiң балық шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
      6) өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң ресурстарын қорғау, ұдайы өндiру және ұтымды пайдалану жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асырады;
      7) өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң қорғалуына, ұдайы өндiрiсiне және ұтымды пайдаланылуына, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жай-күйi мен қызметіне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      8) ормандарды өрттен, заңсыз кесуден және басқа орман заңын бұзудан қорғау, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, браконьерлiк пен күрес жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      9) орман ресурстарын ұдайы өндіру, қорғаныштық орман екпелерін құру, құмды жерлерді, эрозияға ұшыраған жерлерді және жайылымдық алаптарды ормандандыру, сондай-ақ ағаш тұқымы және орман питомнигi ағаш селекциялық iстерi жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) ағаштарды, екiншi дәрежедегi орман материалдарын дайындау мен ұқсатуды, қосалқы және өзге де орман пайдалануды, ауылшаруашылығын дамытуды ұйымдастырады;
      11) балық және аңшылық ресурстарын қорғауды, ұдайы өндiрудi және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде аңшылық пен балық аулау туризмiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      12) ғылыми ұсынымдарды ескере отырып балық аулау және балықты ұдайы өндiру қызметiн мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз етедi, балықтандыру, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiру, мелиорациялық-техникалық және басқа iс-шаралар бойынша кешендi жұмыстарды ұйымдастырады;
      13) өзiнiң қарауындағы мемлекеттiк табиғат қорықтарының, мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң, мемлекеттiк табиғат заказниктерiнiң және өзге де ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, олардың желiсiн дамыту туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      14) орман және аңшылық орналастыруды, орман қоры мен аңшылық жануарлар түрлерiнiң мемлекеттiк есебiн, орман мониторингiн, мемлекеттiк орман кадастры мен жануарлар кадастрын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      15) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерiн iске асыруы және өз функцияларын заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асыруы үшiн:
      1) өз құзыретiнің шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      2) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттік басқарушы

органы болуға, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсінің 
функциясын жүзеге асыруға;
     3) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды 
сұратуға және алуға;
     4) мемлекеттiк меншiкке жататын мүлiктi пайдалануды жүзеге асыруға;
     5) өз құзыретiнiң шегiнде орман ресурстарын пайдалану көлемiн 
бекiтуге;
     6) орман, балық және аңшылық ресурстарын, сондай-ақ өз құзыретiнiң 
шегiнде өсiмдiк пен жануарлар дүниесiнiң өзге де ресурстарын пайдалануға, 
рұқсат беруге және шарттар жасасуға;
     7) жеке тұлғаларға аң аулауға құқық беретiн аңшылық билетiн беруге;
     8) тиiстi мемлекеттiк органдарға:
     ормандар мен жануарлар дүниесiн шаруашылық пайдалану тәртiбiн орнату 
жөнiнде;
     түп тамырымен босатылатын ағаштың бағалары жөнiнде;
     балық және аңшылық ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен 
квоталар жөнiнде;
     аңшылық шаруашылығын жүргiзуге құқық беру жөнiнде;
     балық және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға құқық беру жөнiнде;
     аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру 
жөнiнде;
     аңшылық қарулар мен оларға арналған оқ-дәрiлердi әкелу мен әкетуге 
рұқсат беру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
     9) орман, балық және аңшылық ресурстарын, қорғауға, ұдайы өсiруге 
және ұтымды пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының 
жай-күйi мен қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
     10) орман, жануарлар дүниесi мен ерекше қорғалатын табиғат 
аумақтары туралы заң бұзушыларды жауапкершілікке тарту жөнінде жұмыстар 
жүргізуге;
     11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
     
                         3. Комитеттiң мүлкi
     
     13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
     14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.


      15. Комитеттің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билiк жасау құқығы берілуі мүмкiн.

                    4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары, оның iшiнде бiреуi бiрiншi орынбасары болады.
      17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
      18. Төраға осы мақсатта:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен

аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
     2) заңдарға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды 
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне 
тәртiптiк жаза қолданады;
     4) бұйрықтарға қол қояды;
     5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан 
өкiлдiк етедi;
     7) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     
                 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру
                          және тарату
     
     19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


                                        Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 637 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

          Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің
                            Құрылымы
     
     Басшылық
     Ормандарды тұрақты дамыту бөлімі
     Балық ресурстары бөлімі
     Аңшылық ресурстары бөлімі
     Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары бөлімі
     Өсімдік және жануарлар дүниесін мемлекеттік бақылау бөлімі
     Экономикалық болжау бөлімі
     Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
     


                                    Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 637 қаулысымен бекiтiлген


     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
     Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
              қарамағындағы ұйымдардың
                    Тізбесі
     
     Зайсан-Ертiс балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу 
жөнiндегі бассейндiк басқармасы
     Іле-Балқаш балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi 
бассейндiк басқармасы
     Жайық-Каспий облысаралық балық қорын қорғау және оларды ұтымды 
пайдалану жөнiнде басқарма
     "Охотзоопром" өндiрістiк бiрлестігі
     Алакөл мемлекеттік табиғат қорығы
     Алматы мемлекеттiк табиғат қорығы
     Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғат қорығы 
     Барсакелмес мемлекеттік табиғат қорығы
     Батыс Алтай мемлекеттік табиғат қорығы
     Қорғалжың мемлекеттiк табиғат қорығы
     Марқакөл мемлекеттік табиғат қорығы
     Наурызым мемлекеттік табиғат қорығы
     Үстiрт мемлекеттiк табиғат қорығы
     Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі
     Қарқаралы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     "Қызыл жиде" республикалық мемлекеттiк табиғат қорғау мекемесi
     Орман және орман-аңшылық шаруашылықтары, орман мелиорациялық 
станциялары, орман-жемiс питомниктерi 
     Атырау бекiре балық өсiретін зауыты 
     Жайық-Атырау бекiре балық өсiретiн зауыты
     "Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Жоғарғы Тобыл балық питомнигі" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Жезқазған балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Зеренді балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Қарағанды балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Қашыр балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Майбалық балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Шардара балық питомнигі" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
<*>

     "Шідерті уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 
<*>

     Қазақ мемлекеттік теңізде жүзу қауіпсіздігі және балық өнеркәсібі 
флотын порттық қадағалау инспекциясы
     (Қазмембалықфлотинспекция)
     Қазақ орман орналастыру кәсіпорны
     Қазақ орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету авиация 
базасы
     Алматы орман селекциялық орталығы
     Көкшетау орман селекциялық орталығы
     "Лавар" оқу-өндірістік селекциялық кәсіпорны 
     Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесі
     Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау
     жөніндегі жобалау-іздестіру институты (Қазгипроорманшар)
     Қазақ орман шаруашылығының басшы қызметкерлері мен
     мамандарының біліктілігін арттыру институты
     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1259 қаулысымен.
               

P991259_

 


                                       Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 мамырдағы N 637 қаулысымен бекiтiлген


     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
     Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң
      аумақтық органдары ретінде құрылатын мемлекеттік
          мекемелер-облыстық өсімдік және жануарлар
        дүниесін мемлекеттік бақылау басқармаларының
                         Тізбесі
     
     Ақмола облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Ақтөбе облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Алматы облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Атырау облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Шығыс Қазақстан облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Жамбыл облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Батыс Қазақстан облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Қарағанды облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Қостанай облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Қызылорда облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Маңғыстау облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Павлодар облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Солтүстік Қазақстан облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     Оңтүстік Қазақстан облыстық өсімдік және жануарлар дүниесін 
мемлекеттік бақылау басқармасы
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д. 
     Омарбекова А.
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады