Балық питомниктері және уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары етіп қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 тамыз N 1259

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес балық питомниктері және уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - Кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2013 № 1413 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Кәсіпорындардың негізгі қызмет саласы Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы сутоғандарында жануарлар дүниесіне нұқсан келтірудің алдын алу мақсатында, балық қорларын қорғау мен ұдайы өсіру (балық шабақтарын) болып айқындалсын.
      4. Уәкілетті мемлекеттік басқару органы бір ай мерзімде Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен олардың мемлекеттік тіркелуден өтулерін қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 637 P990637_ қаулысында:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" деген сөздер "Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жоғары тобыл балық питомнигі" деген сөздер "Жоғары тобыл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жезқазған балық питомнигі" деген сөздер "Жезқазған балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Зеренді балық питомнигі" деген сөздер "Зеренді балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қамыстыбас балық питомнигі" деген сөздер "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қарағанды балық питомнигі" деген сөздер "Қарағанды балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қашыр балық питомнигі" деген сөздер "Қашыр балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Майбалық балық питомнигі" деген сөздер "Майбалық балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Петропавл балық питомнигі" деген сөздер "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Шардара балық питомнигі" деген сөздер "Шардара балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" деген сөздер "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" деген сөздер "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Шідерті уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" деген сөздер "Шідерті уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                         1999 жылғы 27 тамыздағы N 1259
                              қаулысына қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
        Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің
     республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары болып
     қайта ұйымдастырылатын балық питомниктері және уылдырық
                шашу-өсіру шаруашылықтарының
                         Тізбесі

     Рет        Балық питомниктері және     Республикалық мемлекеттік
     N           уылдырық шашу-өсіру        қазыналық кәсіпорындардың
               шаруашылықтарының атауы      атауы мен орналасқан жері
                  мен орналасқан жері

     1                    2                          3

     1  Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру   "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру
           шаруашылығы                   шаруашылығы" республикалық
                                           мемлекеттік қазыналық
                                               кәсіпорны

        Шығыс Қазақстан облысы,       Шығыс Қазақстан облысы,
           Күршім ауданы                Күршім ауданы

     2  Жоғары тобыл балық            "Жоғары тобыл балық питомнигі"
          питомнигі                    республикалық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорны

        Қостанай облысы,                Қостанай облысы,
        Лисаковск қаласы                Лисаковск қаласы

     3. Жезқазған балық питомнигі       "Жезқазған балық питомнигі"
                                          республикалық мемлекеттік
                                            қазыналық кәсіпорны

        Қарағанды облысы,               Қарағанды облысы,
         Жезқазған ауданы               Жезқазған ауданы

     4. Зеренді балық питомнигі       "Зеренді балық питомнигі"
                                       республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны

         Ақмола облысы,                   Ақмола облысы,
        Зеренді ауданы                   Зеренді ауданы

     5. Қамыстыбас балық питомнигі     "Қамыстыбас балық питомнигі"
                                        республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны

         Қызылорда облысы,                Қызылорда облысы,
        Арал ауданы                      Арал ауданы

     6. Қапшағай уылдырық шашу-        "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру
         өсіру шаруашылығы              шаруашылығы" республикалық
                                      мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

        Алматы облысы,                   Алматы облысы,
       Еңбекшіқазақ ауданы              Еңбекшіқазақ ауданы

     7. Қазақ өндірістік-жерсіндіру    "Қазақ өндірістік жерсіндіру
                  станциясы             станциясы" республикалық
                                      мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 

           Алматы қаласы                      Алматы қаласы

     8. Қарағанды балық питомнигі      "Қарағанды балық питомнигі"
                                        республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны 

        Қарағанды қаласы                 Қарағанды қаласы

      9. Қашыр балық питомнигі          "Қашыр балық питомнигі"
                                       республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны

         Павлодар облысы,                 Павлодар облысы,
        Қашыр ауданы                     Қашыр ауданы

    10. Майбалық балық питомнигі       "Майбалық балық питомнигі"
                                       республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны

         Астана қаласы                    Астана қаласы

    11. Петропавл балық питомнигі      "Петропавл балық питомнигі"
                                        республикалық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорны

        Петропавл қаласы                 Петропавл қаласы

     12. Шідерті уылдырық шашу-         "Шідерті уылдырық шашу-өсіру
         өсіру шаруашылығы               шаруашылығы" республикалық
                                      мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

          Павлодар облысы,                 Павлодар облысы,
         Екібастұз ауданы                 Екібастұз ауданы

    13  Шардара балық питомнигі        "Шардара балық питомнигі"
                                       республикалық мемлекеттік
                                         қазыналық кәсіпорны

        Оңтүстік Қазақстан облысы,      Оңтүстік Қазақстан облысы,
         Шардара қаласы                     Шардара қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады