"Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 639

      1999 жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына Қазақстан Республикасы Парламентінің Демалыс үйін, қонақ үйі кешенін кейін жекешелендіру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беруге ұсыныс жасалсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының келісімі бойынша "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) мүлкі (активтері) құрамынан қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес объектілерді қоғамның жарғылық капиталын тиісінше азайта отырып бөлім шығаруды қамтамасыз етсін; 
      2) түскен қаражатты республикалық бюджеттің кірісіне есептей отырып, Республика алаңы, 4 мекен-жайдағы ғимаратты және Достық үйін қоспағанда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді жекешелендіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Демалыс үйін, қонақ үйі кешенін жекешелендіруді жүзеге асырсын;
      3) Республика алаңы, 4 мекен-жайдағы ғимаратты Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берсін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұқтажы үшін республикалық меншікте қалған жалпы алаңы 265,3 шаршы метр ғимаратты (6 қабат) қоспағанда, осы үй-жайға бұрынғы талаптармен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Интеграциялық комитетін орналастыру шартымен. 
      3-1) Достық үйін Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің балансына берсін. 
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.22. N 820, 2006.05.03. N 361 қаулыларымен.  
      3. "Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 822 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      аталған қаулының қосымшасында: 
      "Достық үйі", "Республика алаңы, 4", "Желтоқсан көшесі, 96", "Бөгенбай батыр көшесі, 152", "Гоголь көшесі, 111 - Қазақстан Республикасының бұрынғы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің гараждары" деген жолдар алынып тасталсын; 
      "Желтоқсан көшесі, 115" деген жол "N 1-павильонды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "Панфилов көшесі, 106, 106а" деген жолдағы "106" деген сан алынып тасталсын. 
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің 1999 жылғы       
26 мамырдағы          
N 639 қаулысына         
қосымша             

"Шаруашылық басқармасы" ЖАҚ-ның жарғылық капиталының
құрамынан (активтерінен) шығаруға жататын объектілердің
Тізбесі

      1. Достық үйі
     2. Желтоқсан көшесі, 115 мекен-жайда орналасқан ғимараттың N 1 павильоны    

     3. Мына мекен-жайдағы ғимараттар:     

     Республика алаңы, 4;
     Желтоқсан көшесі, 96;
     Панфилов көшесі, 106;
     Бөгенбай батыр көшесі, 152;
     Гоголь көшесі, 111 - Қазақстан Республикасының
     бұрынғы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің гаражы     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады