Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы N 639 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 маусым N 820

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы N 639 P990639_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақта:
      2) тармақшадағы "ғимаратты" деген сөзден кейін "және Достық үйін" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мұқтажы үшін республикалық меншікте қалған жалпы алаңы 967,7 шаршы метр ғимаратты (6 қабат) қоспағанда, осы үй-жайға бұрынғы талаптармен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Интеграциялық комитетін орналастыру шартымен"

 

деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

     "3-1) Достық үйін Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және

қоғамдық келісім министрлігінің балансына берсін;".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады