"Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру шартқа қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 641

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан
Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас
экономикалық кеңістік құру шартқа қатысушы мемлекеттердің
Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің лауазымды адамдары
мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді
бекіту туралы


     1998 жылғы 17 шілдеде Шолпан-Ата қаласында жасалған Қазақстан

Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және

Өзбекстан Республикасы арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру

туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы

комитетінің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі

туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Президенті



        Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан

         Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы

          Біртұтас экономикалық кеңістік құру шартқа қатысушы

       мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің

              лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің

                  құқықтық мәртебесі туралы

                         Келісім



 
       Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы 1994 жылғы 30 сәуірдегі шартқа қатысушы мемлекеттер,
      Атқарушы комитеттің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің қызмет бабындағы жұмысын кедергісіз және тәуелсіз жүзеге асыруының халықаралық-құқықтық кепілдіктерін құру мақсатында;
      халықаралық құқықтың жалпы көпшілік қабылдаған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып;
      төмендегілер туралы келісті:
 
                            1-бап
 
      Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдердің мынадай мағынасы болады:
      "қатысушы мемлекеттер" - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттер;
      "Атқарушы комитет (Атқарком)" - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің тұрақты түрде жұмыс істейтін, халықаралық ұйым болып табылатын жұмыс органы;
      "Атқарком төрағасы" - Атқаркомды басқаратын адам;
      "Атқаркомның лауазымды адамдары" - Атқарком төрағасы, қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің Атқаркомдағы тұрақты өкілі, қатысушы мемлекеттердегі және басқа да елдердегі Атқаркомның ресми өкілдері, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің квоталық негізде жіберген адамдары;
      "Атқаркомның қызметкерлері" - техникалық және қызмет көрсетуші құрамды қоспағанда, Атқаркомда жұмыс істеу үшін келісім-шарт бойынша қабылданған адамдар;
      "Отбасы мүшелері" - Атқаркомның лауазымды адамдарының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және Атқарком орналасқан мемлекеттегі асырауындағы адамдар;
      "Атқарком орналасқан мемлекет" - аумағында Атқаркомның, оның өкілдігінің болатын орны белгіленген мемлекет.
 
                              2-бап
 
      Осы Келісімге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері Атқарком орналасқан мемлекеттік және басқа да қатысушы мемлекеттердің егемендігі мен заңдарын құрмет тұтады, сондай-ақ олардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерді жасамауға міндеттенеді.
 
                           3-бап
 
      Осы Келісімде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттер Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне жеке бас пайдасы үшін емес, олардың өздерінің ресми функцияларына тиімді түрде және тәуелсіз орындауы үшін беріледі.
      Атқарком төрағасы Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне (Өкілетті өкілдерді қоспағанда) берілетін иммунитеттен осы иммунитет сот әділдігін жүзеге асыруға кедергі келтіретін және оның пікірі бойынша Атқаркомның мүдделері үшін нұқсан келтірместен иммунитеттен бас тартуға болатын жағдайларда бас тартуға құқылы ғана емес, сонымен бірге міндетті де.
 
                          4-бап
 
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері халықаралық азаматтық қызметкерлердің мәртебесін иемденеді және қызмет бабындағы міндеттерін атқару кезінде қатысушы мемлекеттердің органдары мен ресми адамдарынан тәуелсіз болады.
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері, шығармашылық және ғылыми педагогтық қызметті есептемегенде, Атқаркомдағы жұмысын басқа бір тұрақты жалақы төленетін жұмыспен қоса атқара алмайды немесе өздерінің қызмет бабындағы міндеттерін орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналыса алмайды.
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің саяси қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Олар өздерінің қызмет бабындағы жағдайын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүдделеріне пайдалана алмайды.
 
                                5-бап
 
      1. Атқаркомның лауазымды адамдары Атқарком орналасқан мемлекеттік аумағында не қызмет бабындағы міндеттерін атқаруға байланысты басқа да қатысушы мемлекеттерде болған уақытысында төмендегідей артықшылықтар мен иммунитеттерді:
      а) жеке бастарына және өздерінің тұрғын үй жайларына қол сұғылмаушылықты, тексеруден, тінтуден және қамауға алудан қорғауды;
      б) өздері қызмет бабындағы міндеттерін орындау барысында жасаған барлық іс-қимылдарға қатысты қатысушы мемлекеттердің қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңқұзыретінен иммунитетті;
      в) хат-хабарлар мен құжаттарға қол сұғылмаушылықты;
      г) мемлекеттерде белгіленген жабық аймақтар туралы ережелерді ескере отырып, қатысушы мемлекеттердің аумақтары бойынша еркін жүріп-тұру құқығын;
      д) ақпаратты берудің құпиялылығын қамтамасыз ететін шифрларды, курьерлік және басқа да арнайы байланыс түрлерін;
      е) халықаралық дағдарыстар уақытысында еліне оралу жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланады;
      сондай-ақ:
      ж) Атқарком орналасқан мемлекетке кіруде, шетелдіктер ретінде тіркелуде және тұруға арналған рұқсатты алуда шектеуден;
      з) Атқаркомда қызметпен айналысқан, бастапқы кезінде жиһазға, үй тұрмысының бұйымдарына және басқа да жеке мүлкіне, сондай-ақ Атқаркомдағы қызметін тоқтатқаннан кейін Атқарком орналасқан мемлекеттен аталған мүліктерді шығару кезінде кедендік баждан, салықтар мен алымдардан;
      и) Атқарком төлейтін жалақы мен кез келген басқа да сыйақыларға салық салудан;
      к) мемлекеттік қызмет міндеткерлігінен босатылады.
      2. Атқарком орналасқан елдің азаматтары болып табылатын Атқаркомның лауазымды адамдарына (Төрағаны қоспағанда) осы баптың бірінші тармағының "б", "в", "г" және "д" тармақшаларында көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттер ғана қолданылады.
      3. Атқарком қызметкерлері заңқұзыретінен иммунитетті және олар өздерінің қызмет бабындағы функцияларын орындау барысында жасаған ресми іс-қимылдарға қатысты қол сұғылмаушылықты ғана пайдаланады.
      4. Осы баптың 1-тармағының "е", "ж", "з" және "к" тармақшаларында аталған артықшылықтарды, егер олар Атқарком орналасқан мемлекеттік азаматтары болып табылмаса немесе ол елде тұрақты тұрмайтын болса. Атқаркомның лауазымды адамдарымен және қызметкерлерімен бірге тұратын отбасы мүшелері де пайдаланады.
 

                                6-бап



 
 
       Атқарком орналасқан мемлекеттің аумағында және қызмет бабындағы міндеттерін орындау барысында басқа да қатысушы мемлекеттердің аумағында болған уақытысында Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері Атқаркомның қызметтік куәліктерін пайдаланады.
      Қатысушы мемлекеттердің органдары осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген куәліктерді аталған адамдардың мәртебесін куәландыратын, сондай-ақ осы адамдардың Келісімде белгіленген артықшылықтар мен иммунитеттерге арналған құқықтарын растайтын құжаттар ретінде танитын болады.
      Бір мезгілде осы құжаттар қатысушы мемлекеттердің қолданылып жүрген рұқсат беру ережелерін ескере отырып, ол елдердегі мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың ғимараттарына кіру үшін негіз болып табылады.
 
                              7-бап
 
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері, сондай-ақ олардың осы Келісім бойынша артықшылықтар мен иммунитеттерге құқықтары бар отбасы мүшелері куәліктерді Атқарком орналасқан мемлекеттің кедендік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап немесе егер олар осы мемлекеттің аумағында тұрып жатса, оларға қызмет бабындағы өкілдіктер берілген сәттен бастап пайдаланады.
      Қатысушы мемлекет өзінің мемлекеттік аумағы арқылы жол жүріп өткен кезде жоғарыда тізбеленген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне тағайындалған орнына бара жатқанына немесе өз мемлекетіне қайтып келе жатқанына қарамастан осы Келісімде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді ұсынады.
 
                          8-бап
 
      Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері қызметін тоқтатқан жағдайда оларға берілген артықшылықтар мен иммунитеттер Атқарком орналасқан мемлекеттің аумағын тастап шыққан сәттен бастап, ал Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін олар жұмыстан босатылған сәттен бастап қолданысын тоқтатады.
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері қызмет міндеттерін орындау барысында жасаған іс-қимылдарға қатысты иммунитет олар Атқаркомдағы қызметін тоқтатқаннан кейін де өзінің күшін сақтайды.
 
                        9-бап
 
      Атқаркомға жұмысқа жіберілген Атқаркомның лауазымды адамдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің бұрынғы қызмет орны бойынша берілетін жеңілдіктері сақталады әрі жіберген мемлекеттің мемлекеттік қызмет кадрлары санатында болуы жалғаса береді.
      Атқарком таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның орналасқан орны өзгертілген жағдайларда босатылатын лауазымды адамдар мен қызметкерлерге Атқарком орналасқан мемлекеттің заңдары бойынша қызметтен босатылардағы жәрдемақы төленеді.
 
                             10-бап
 
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Атқаркомда жұмыс істеген уақтысы өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттің мемлекеттік қызметкерлері ретіндегі жұмыс стажына есептеледі.
      Осы Келісімнің күшіне енгеніне дейін туындаған еңбек даулары Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне қатысты осы Келісіммен реттелетін болады.
      Атқарком орналасқан мемлекеттің аумағында Атқаркомның лауазымды адамдары жұбайларының/зайыптарының (осы мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын) тұрақты тұрған уақтысы олардың жалпы еңбек стажына есептелінеді.
 
                           11-бап
 
      Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы мемлекеттің аумағында болған кезінде коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетулерге, қонақ үй мен қызмет көрсетудің көлік түрлеріне төлем төлеу жөнінде Атқарком орналасқан мемлекет азаматтарына тән тиісті құқықтарды пайдаланады.
 
                           12-бап
 
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне арналған міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жөніндегі жарналарды (Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері атынан зейнетақы қорларына және жұмыспен қамту қорларына аударылатын қаржыдан басқа) Атқарком өзі орналасқан мемлекеттің қорына оның заңдарына сәйкес төлейтін болады.
      Жоғарыда аталған адамдарға олардың Атқаркомда жұмыс істеген кезеңінде осы қорлардан төлем төлеуді Атқарком өзі орналасқан мемлекеттің мемлекеттік қызметкерлері үшін заңдар белгілеген тәртіппен және шарттармен жүргізетін болады.
 
                            13-бап
 
      Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері атынан олар азаматтары болып табылатын мемлекеттің зейнетақы қорлары мен жұмыспен қамту қорларына міндетті қаржы аударуды Атқарком жүргізеді. Осыған байланысты қатысушы мемлекеттер қаржы аударудың және осы қаражатты пайдаланудың тетігін белгілейтін тиісті ведомствоаралық келісім жасасады.
      Жасы ұлғайғандығына, мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтуына байланысты зейнетақыларды Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне (не олардың отбасы мүшелеріне) олар азаматтары болып табылатын қатысушы мемлекеттер осы мемлекеттердің мемлекеттік қызметкерлері үшін қолданыстағы заңдары белгілеген тәртіппен және шарттармен тағайындайды әрі төлейді.
      Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Атқаркомда жұмыс істеген кезеңде алған жалақылары өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттің заңдарына сәйкес зейнетақы мөлшерін белгілеу кезінде ескеріледі.
 
                           14-бап
 
      Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері Атқаркомда жұмыс істеген кезеңінде де, сондай-ақ зейнетке шыққаннан кейін де Атқаркомдағы қызметімен айналысқанға дейін өздері бекітілген медициналық мекемелерде медициналық қызмет көрсетуді пайдалану құқығын сақтайды.
      Атқарком орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын Атқаркомның лауазымды адамдары мен қызметкерлері Атқаркомда жұмыс істеген кезеңінде өздері бекітілген медициналық мекемелерде зейнетке шыққаннан кейін де медициналық қызмет көрсетуді пайдалану құқығын сақтайды.
 
                         15-бап
 
      Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап, ал заңдары оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуын талап ететін қатысушы мемлекеттер үшін тиісті құжаттары депозитарийге тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.
 
                          16-бап
 
      Осы Келісім Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының,

 

Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік

Кеңесі мен оның институттары туралы 1995 жылғы 10 ақпанда Алматы

қаласында қабылданған Келісімнің қолданыс мерзіміне жасалды.


                            17-бап


     Өзара уағдаластықтар бойынша осы Келісімге өзгерістер мен

толықтырулар енгізілуі мүмкін.

     Өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып

табылатын хаттамалармен ресімделеді.


                             18-бап


     Осы Келісімді қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы

мәселелері консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.

     1998 жылғы 17 шілдеде Чолпан-Ата қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа

данада жасалды.

     Түпнұсқа дана Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының,

Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік

Кеңесінің Атқарушы комитетінде сақталады, ол әрбір қатысушы мемлекетке

келісімнің куәландырылған көшірмесін жібереді.


        Қазақстан       Қырғыз       Тәжікстан     Өзбекстан

      Республикасы    Республикасы  Республикасы  Республикасы

         үшін            үшін          үшін          үшін




   Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Омарбекова А.    














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады