Жамбыл облысының әкіміне қарыз беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 653

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл облысының әкіміне кәсіби науқастарға, еңбек жарақатын алған және асыраушысынан айырылған адамдарға 1999 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарымды негізде 15,7 млн. теңге, оның ішінде 1999 жылдың мамырында 13,8 млн. теңге мөлшерінде қарыз бөлсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс" акционерлік қоғамдарының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеріс жүргізсін;
      2) "Тексуна Кемиклз Инк." компаниясы мен бұрын "Нодфос" АҚ-на тиесілі болған N 4 цехты сату мәселесін реттеу тұрғысында келіссөздер жүргізсін.
      3. "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс" акционерлік қоғамдарына заңда белгіленген тәртіппен кәсіби науқастарға, еңбек жарақатын алған және асыраушысынан айырылған адамдарға зиянды өтеу төлемдері бойынша қарыздарды жабу жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі жоғарыда аталған акционерлік қоғамдарға банкроттық рәсімдерін қолдану жөніндегі жұмысты жеделдетсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады