"Биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі Алматы облыстық департаменті" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 маусым N 674

      Алматы облысының барлық табиғат қорғау ұйымдарының қызметiн ұйымдастыруды үйлестiру және бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органы ретiнде "Биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi Алматы облыстық департаментi" (бұдан әрi - Департамент) мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
      2. Департамент қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      3. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi Алматы орман, балық және аңшылық шаруашылығы облыстық басқармасының, Iле-Балқаш балық запастарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейн басқармасының, "Алтын Емел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң, Алматы мемлекеттiк қорығының, Алакөл мемлекеттiк қорығының, Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң

 

қызметтерiн ұйымдастыруды үйлестiру және бақылау жөнiндегi 

функцияларды заңдарда белгiленген тәртiппен Департаментке

жүктеуді қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.

     Омарбекова А





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады