Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкiнiң техникалық көмек заемы қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкiнiң техникалық көмек заемы қаражатын қайта бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 8 шiлдедегi N 1080 P971080_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының қосымшасында:
"Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментi" деген жолдың 3-бағанындағы "279 000" деген сан "229 824, 07" деген санмен ауыстырылсын;
"Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi" деген жолдың 2-бағанындағы "Жаппай акционерлендiру және жаппай жекешелендiру бағдарламасын қолдау үшiн консультациялық қызмет көрсетулер және кадрлар даярлау" деген сөздер және 3-бағанындағы "98916" деген сан алынып тасталсын;
"Ұлттық статистика агенттiгi" деген жолдың 3-бағанындағы "2 429 285"
деген сан "2 376 74I,32" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген жолдың
3-бағанындағы "2 250 000" деген сан "2 150 000" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi" деген жолдың 3-бағанындағы "300 649,96" деген сан "400 649,96"
деген санмен ауыстырылсын;
1, 2, 3-бағандары мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан" Көлік-коммуникациялар 200 635, 63
Республикасының кешенінде мемлекеттік
Көлік, басқарудың нормативтік
коммуникациялар құқықтық актілерін әзірлеу
және туризм және мамандар даярлау
министрлігі бойынша консультациялық
қызмет көрсету
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Орынбекова Д.