"Жезқазған Эйр" ашық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 маусым N 717. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.06. N 1674 қаулысымен. ~P001674

      Авиакәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қарағанды облысының халқына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жезқазған Эйр" ашық акционерлік қоғамы әуежайдың мүліктік кешенін бөлу және қайта құрылған акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін Қарағанды облысы әкімінің коммуналдық меншігіне кейіннен бере отырып, оның базасында "Жезқазған әуежайы" ашық акционерлік қоғамы құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Көлік,

коммуникациялар және туризм министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан

туындайтын шараларды заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады