Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылы 9 сәуірде Ашғабат қаласында жасалған Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы мәдени
ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi
арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы
Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 40-құжат)
(1999 жылғы 29 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет)
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Түрiкменстан Үкiметi,
халықтарымыз тағдырларының ғасырлар бойғы тарихи ортақтығын
негізге ала отырып және дәстүрлі мәдени байланыстарымыздың көп жылғы
тәжiрибесiн ескере отырып,
өзара ынтымақтастықты бұдан әрi де кеңейтуге және нығайтуға
ұмтыла отырып,
тең құқықтылық пен ерiктiлiк принциптерiн негiзге ала отырып,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-Бап
Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастыққа және көпшіліктiң екiншi Тараптың мәдени құндылықтарымен әрi жетiстiктерiмен тiкелей танысуына мүмкiндiктер жасайтын болады.
2-Бап
Тараптар өз құзырлығы шеңберiнде театр, бейнелеу, эстрада және цирк өнерi, кiтапхана және мұражай iстерi, тарихи-мәдени мұралар объектiлерiн қорғау, халық көркемөнер шығармашылығы, халық кәсiпшiлiгi мен мәдени қызметтiң басқа да түрлерi саласында мәдени байланыстарды дамыту, мәдени алмасу мен ынтымақтастық үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
3-Бап
Тараптар өнер қайраткерлерi мен мәдениет қызметкерлерiнiң бауырлас мәдениеттердiң өзара ықпалдастығына бағытталып, мемлекеттерде ұйымдастырылатын халықаралық семинарларға, конференцияларға, кездесулерге, фестивальдарға, жарыстарға қатысуына жәрдемдесетiн болады.
4-Бап
Тараптар Қазақстан халықтары мен Түрiкменстанда тұратын қазақтардың және Түрiкменстан халықтары мен Қазақстанда тұратын түрiкмендердiң ұлттық мәдени мұраларының еркін әрi тең құқықты дамуының кепiлдiктерiн растайды.
5-Бап
Тараптар екi жақты жыл сайынғы мәдени ынтымақтастық бағдарламалары мен жобалары негiзiнде театрлар, көркемөнер ұжымдары мен орындаушылардың гастрольдерiн ұйымдастыруға, ұлттық қор қоймаларына баспасөз өнiмдерiнiң келiсiлген даналарын өзара жеткiзуге, көркемөнер көрмелерiмен және мұражай экспозицияларымен алмасуға жәрдемдесетiн болады.
6-Бап
Тараптар оқушылардың, студенттердiң, аспиранттардың оқу мiндеттерi мен шарттарын екi жақты негiзде белгiлей отырып, мәдениет және өнер оқу орындарында мамандарды өзара оқытуға және дайындауға барынша қолайлы режимдi жасай отырып, мәдениет және өнер мекемелерi мен органдарының жұмыс iстеу тәжiрибесiмен алмасуды үнемi жүргiзiп отыратын болады.
7-Бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау мақсаттарында аталған объектiлердi жеке бағдарламалар мен жобалар негiзiнде қорғау, сақтау, жаңғырту және пайдалануға бағытталған күш-жiгер мен құралдарды үйлестiретiн болады.
8-Бап
Тараптар Шығармашылық одақтар, қоғамдар мен қорлар мәдениет және
өнер мекемелерi, оқу орындары және рухани саладағы басқа да
мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар арасындағы тiкелей байланыстарды
дамытуға барынша мүмкiндiк жасайтын болады.
9-Бап
Тараптар республикалардың мәдени өмiрiн, халықтардың тарихи
байланыстарын, ынтымақтастық нәтижелерiн жария ету мақсатында
тиiсiнше қазақ және түрiкмен радиосы мен теледидарына, бұқаралық
ақпарат құралдарына тұрақты түрде ақпарат берiп отыратын болады.
10-Бап
Осы Келiсiмде қамтылған қызметтiң барлық түрлерi Тараптардың
қолданыстағы заңдары мен өзге де нормативтiк актерлерiне сәйкес
келедi және жүзеге асырылады.
11-Бап
Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар ынтымақтастықтың төмендегiдей
қаржылық шарттарын растайды.
Делегациялармен, шығармашылық ұжымдармен, көрмелермен
алмасу кезiнде жiберушi Тарап қатысушылардың жолын, жүк, реквизит пен
экспонаттар тасымалын екiншi елдiң астанасына дейiн төлейдi.
Қабылдаушы Тарап өз аумағында болу бойынша барлық шығындарды көтередi,
мәдени бағдарламаны қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда медициналық
көмек көрсетедi.
12-Бап
Осы Келiсiм Тараптардың басқа халықаралық келiсiмдерден
туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне қатысы болмайды.
13-Бап
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмнiң
ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн
өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
14-Бап
Тараптар арасындағы даулар мен пiкiр алшақтықтары осы Келiсiм бойынша келiссөздер және консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
15-Бап
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы мәлiмдеме күнiнен бастан күшiне енедi.
Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалды. Осы Келiсiмнiң қолданысы егер Тараптардың бiрде-бiрi қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн кем дегенде алты ай бұрын екiншi Тарапқа өзiнiң келiсiм күшiн тоқтату ниеті туралы жазбаша түрде хабарламаса, келесі бесжылдық мерзімге өздігінен ұзартылады.
Ашғабат қаласында 1999 жылғы 9 сәуірде әрқайсысы қазақ, түрікмен
және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данадан жасалады және де барлық
мәтіндердің күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаттары үшін орыс
тіліндегі мәтін пайдаланылатын болады.
Қазақстан Республикасының Түрікменстанның
Президенті Президенті
Мамандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.