1997 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi мен "ССL Оil Ltd" компаниясының арасында жасалған N 1-К-97 Концессияның шарты бойынша кейбiр мәселелер

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 769

      "Павлодар мұнай өңдеу зауыты "акционерлiк қоғамын тиiмдi басқару мен оның қаржылық дамуын тұрақтандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ "ССL Оil Ltd" компаниясының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 350 қаулысымен құрылған Ведомствоаралық комиссияның қорытындыларын ескере отырып, N 1-К-97 Концессияның шарты (бұдан әрi - Шарт) бойынша мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен "ССL Оil Ltd" компаниясымен бiрлесiп:
      "ССL Оil Ltd" компаниясының Шарттың 4.4.5-бабына сәйкес жалпы мол мөлшерден қалған ақшаның жүз миллион АҚШ доллары сомасын инвестициялауды бiрқалыпты және бара-бар жүзеге асыру жөнiндегi;
      Шартқа қол қойылғанға дейiн пайда болған басқа кредиторлық берешектердi (4.4.10-бап) өтеу жөнiндегi;
      "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының мерзiмi кешiктiрiлген дебиторлық берешектерiн қайтару және "ССL Оil Ltd" компаниясының Шарттың 4.4.9-бабына сәйкес мiндеттемелердi, сондай-ақ "ПМӨЗ-ССL" акционерлiк қоғамының дебиторлық берешектерiн сөзсiз орындауы жөнiндегi;
      "ССL Оil Ltd" компаниясының Шарттың талаптарын атқаруды қамтамасыз етуi мақсатында әлеуметтiк сала объектiлерiне бiр миллион АҚШ долларына дейiн салу және экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi жобаны iске асыруды бастау (5.2, 5.3-баптар) жөнiндегi кестелердi бекiтсiн.
      2. "ССL Оil Ltd" компаниясы оның өндiрiсi мен тұрақты жұмыс iстеуiн қалпына келтіру мақсатында зауыттың тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi:
      "ССL Оil Ltd" компаниясымен бiрлесiп Шарттың 4.4.8-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi уақтылы аударуды (өтеудi) қамтамасыз ететiн кестенi бекiтсiн;
      мүдделi жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен, белгiленген тәртiппен концессионер мен оның аффилилендiрiлген тұлғаларының өздерiнiң негiзгi өндiрiсiнiң орналасқан жерi бойынша салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Шарттың және осы қаулының атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен осы мақсатқа бөлiнетiн қаражаттың шегiнде сарапшылар мен консультанттар, сондай-ақ аудиторлар жалдауға рұқсат етiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк

 

және жекешелендiру комитетi үстiмiздегi жылдың үшiншi тоқсанының

қорытындысы

бойынша "ССL Оil Ltd" компаниясымен бiрлесiп Үкiметке "ССL Оil Ltd"

компаниясының Шарт пен осы қаулы бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн

атқаруы жөнiнде толық және егжей-тегжейлi ақпарат ұсынсын.

     6. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


      Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады